Миграция саласындағы проблемаларды шешу мәселелері талқыланды

    Бүгін, 4 ноябрьде Олий Мажлис Сенатының Халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, шетелдік инвестициялар және туризм жөніндегі комитетінің мәжілісі өтті.

    Онда жауапты министрліктер мен кеңселер басшыларының миграция саласындағы өзекті мәселелерді жан-жақты зерделеу, түйткілдерді жою және саланы одан әрі реттеу бойынша «жол картасында» белгіленген міндеттерді жүзеге асыру туралы ақпараттары тыңдалды.

    Өзбекстанның Халықаралық миграция ұйымымен (ХМҰ) ынтымақтастық қарым-қатынастарын жандандыру, дамыған және жетекші шет елдердің рекрутингтік ұйымдарымен және әлеуетті жұмыс берушілерімен ынтымақтастықты жеделдету жоспарланып отырғаны айтылды.

    Сондай-ақ жәбірленушілердің құқықтары мен мүдделерін жан-жақты қорғау, бейресми миграцияға кететін азаматтардың санын түбегейлі қысқарту, кәсіптік оқыту орталықтарының қызметін реттеу сияқты мәселелерге ерекше назар аударылды.

    Сондай-ақ мәжілісте «жол картасының» дер кезінде әрі сапалы орындалуында жүйелі мәселелер мен кемшіліктерге жол берілгені айтылды.

    Атап айтқанда, миграция саласындағы жеке консалтинг агенттіктері мен кәсіп-өнерге оқыту орталықтарының қызметін реттеу үшін құқықтық-нормативтік құжаттарды жетілдіру, адам саудасына қарсы күрес және заңсыз миграцияның алдын алу қажеттілігіне байланысты кемшіліктерді тізбектеді.

    Басымдық берілген бағыттар бойынша алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді дұрыс іске асыру үшін еліміздің шетелдік серіктес мемлекеттермен миграция саласындағы ынтымақтастық байланыстарын одан әрі жандандыру қажет екені айтылды.

    Жиын соңында Сенат мүшелері саладағы бар проблемаларды шешу бойынша тиісті ой-пікірлер мен ұсыныстар айтып, Комитеттің тиісті қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates