Ұлттар арасындағы достық байланыс мәңгілік

    Ел назарында 3 Sentabr 2021 1581

    Еліміз тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Хорезм облысы Топыраққалъа ауданындағы “Нөкіс” махалласында “Үш ұрпақ кездесуі” шарасы өтті.

    Шараға келген қонақтар, еліміздің болашағы болған қайратты жастарымыз, еңбек ардагерлері — бүкіл саналы өмірін ел үшін арнаған ғазиз азаматтар бүгін мемлекетіміз басшысы мен үкіметіміз тарапынан жасалып жатқан лайықты жағдайларға ризалық білдіріп, тыныш әрі тату жанұялары бауырында қарттық шағын өткізуде. Аудандағы “Саримой” және “Нөкіс” махаллаларында жасап жатқан өзбек және түркімен ұлттарының тұрғындары тыныш және әл-ауқатты өмірлеріне шүкіршілік айтып, бата мен кеңестерін берді.

    Болып жатқан өзгерістер, үлкен жасампаздық пен жаратушылық үдерістерінің қарқыны жерлестерімізді жаңа мәрелерге қарай ынталандыруда. Реформалар нәтижесін өз өмірінде, күнделікті тіршілікте көрген әрбір жерлесіміз көңілінде бүгінге риза болу, ертеңгі күнге деген нық сенім толы. Өйткені, адам мүддесі жоғары құндылық ретінде қадірленетін елімізде реформалардан көзделген мақсат та сол. Халық мүддесі, адамдарды өмірден риза болуы — тұрақты қызметіміздің негізгі өлшемі болып қалады.

    Құрметті Президентіміз айтқанындай, ғазиз ардагерлеріміздің Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарында — тіктелу заманында қандай еңбек еткендігі, үстері жұпыны, қарны аш болса да көңілдері тоқ болып, соғыс қалдырған зардаптарды жою мақсатындағы ерліктерін бүгінгі мен болашақ ұрпақ ешқашан ұмытпайды.

    Бұл ұрпақ басына түскен сынақтарды жігерлілікпен жеңіп өткен, өз атын еліміз тарихына мөрлеген.

    Орта ұрпақ өкілдерінің міндетіне тәуелсіздікті алған мемлекетіміз атақ-даңқы үшін бар күш-қуаттарын беру міндеті жүктелгенін де білеміз. Олар тәуелсіздігімізді сақтауды кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен.

    Өсіп келе жатқан жас ұрпақ болашағымыздың қаланған кірпіші. Олар қарт және орта ұрпақ өкілдеріне өрнек болып, кемел азамат болып жетіледі.

    Отанымыздың дүниежүзі қоғамдастығында өз орнын иелеуде осы үш ұрпақтың да орны ерекше. Міне осындай шаралардың көптеп өткізілуі еліміздегі барлық ұлт өкілдері арасындағы достықты нығайтумен бірге олар арасындағы мейір-шапағат, қонақжайлылық және туысқандық байланыстарды одан әрі нығайтады.

    Гулноза Собирова, Руханият және ағарту орталығының Хорезм облысы Топыраққалъа аудандық бөлімінің маманы.