Өмірімізге мән мен мағына беретін бейбітшілік пен тыныштықтың қадірін білу, шүкіршілік ету, Отан тыныштығын қорғау — бәріміздің борышымызға айналған. Мұны әсіресе ел қорғаушысы деген абыройлы әрі жауапты мамандықты таңдаған әскери қызметкерлері тереңірек сезінеді.

Бірнеше күннен бері айрықша салтанатпен атап өтіп жатқан — Отан қорғаушылар күні тек әскери қызметшілердің ғана емес, сонымен қатар әскер қатарында борышын өтеп келген азаматтарымыз бен ертең қызметке дайын тұрған мыңдаған жас жігіттердің мерекесі. Бұл мерекенің кең көлемде тойлануы халқымыздың ұлттық армиясына деген шексіз құрметін, ержүрек ұлдарына деген мақтанышын білдіреді. Сонымен қатар, бұл елімізде орнаған бейбітшілік пен тұрақтылықтың жемісі.

Халқымызда «Ел қорғалған жерде халық өседі, қорғалмаса — үйің тозады» деген нақыл бар. Отанды қорғау, оны көздің қарашығындай сақтау — «осы елдің перзентімін» деген әрбір азаматтың парызы. Себебі адамның өз халқына адалдығы мен жанқиярлығы Отанды қорғауымен, елдің дамуына, қуатты әрі берік болуына, халықтың тыныш әрі бақуатты өмір сүруіне қосқан үлесімен өлшенеді.

Қазіргі таңда әлемде түрлі қауіп-қатерлер мен қарулы қақтығыстар күшейіп отырған күрделі кезеңде Қарулы Күштеріміздің жауынгерлік әлеуетін арттыру, әскери қызметшілердің физиологиялық және рухани дайындығын нығайту аса маңызды.

Соңғы жылдары жүргізіліп жатқан ауқымды реформалардың нәтижесінде Қарулы Күштеріміз еліміздің тәуелсіздігі мен шекара тұтастығын, халқымыздың тыныш әрі бейбіт өмірін қамтамасыз ететін сенімді кепілге айналды. Барлық әскер түрлері заманауи қару-жарақ және техникамен жабдықталуда. Әскери қызметшілердің жауынгерлік және рухани дайындығы үздіксіз артып келеді. Ұлттық армиямыз жастарымыз үшін ерлік пен абырой мектебіне айналды.

Ең бастысы, армия мен халықтың жақындасуы әскери саланың дамуына жаңа серпін беріп отыр.

Нағыз отансүйгіш ұрпақты тәрбиелеу — бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені елдің дамуын, халқымызды біріктірген Үшінші Ренессансты тек Отанын шын жүректен сүйетін, оның тағдырын өз тағдырымен байланыстыратын адал әрі патриот азаматтар ғана қамтамасыз ете алады.

 Бүгін көптеген ата-аналар баласының Темурилер мектебінде білім алып, әскери маман болып, Отанға шын жүректен қызмет етуін қалайды. Бұл – жаңарып, көркейіп келе жатқан Өзбекстанға деген сүйіспеншілік пен халқына деген адалдықтың айқын көрінісі. Өйткені әскери қызметшілердің жүрегінде халыққа, елге деген махаббат қаншалықты жалынды болса, халық та оларға соншалықты жақын болады. Әсіресе айналамызда тұрақсыздық орын алып отырған осындай алаңдатарлық күндерде халқымыз барлық арман-үмітін, болашағын ұлттық армиямызбен және оның келешегімен байланыстырады.

Ұлттық армия – біздің мақтанышымыз бен абыройымыз! Оның қуатын айқындап тұрған ержүрек, батыл ұландарымыздың күндіз-түні сергек тұрып, мемлекетіміздің шекарасын қорғап жүргенін, халқымыздың игілігі жолында жанын қиюға да дайын екенін баршамыз жүрегімізбен сезінуіміз керек.

Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы тарапынан алға тартылып отырған идеялар, ой-пікірлер мен тұжырымдар жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің қаншалықты маңызды мәселе екенін айқындай түседі. Олар бүгінгі жастарымыздың осы Отанның, осы қасиетті топырақтың ертеңгі иелері екенін жүрегімізге тереңірек ұғындырады.

«Әскери қызметшілердің жауынгерлік рухы мен дене дайындығын тұрақты түрде арттырып отыру, олардың жүрегінде отансүйгіштік сезімін күшейту біз үшін басты міндет болып қала береді. Себебі кез келген күрестің тағдырын жеке құрамның білімі мен біліктілігі, ерік-жігері мен табандылығы, өзіне деген сенімі, ерлік қасиеттері шешеді».

Президентіміздің Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 34 жыл толуына және Отан қорғаушылары күніне арналған мерекелік құттықтауында айтылған жоғарыдағы ой-тұжырымдар баршамыздың алдымызға қойылған зор сенімді ақтау, жауапкершілігін одан әрі арттыра түседі.

Өйткені әскери қызметшілеріміздің қайсарлығы мен ел-жұртқа адалдығының арқасында халқымыздың тыныш әрі бейбіт өмірі қамтамасыз етіліп, мемлекетіміздің қорғаныс әлеуеті нығайып, ұлттық армиямыздың жауынгерлік қабілеті артып келеді.

Нодир МАХМУДОВ,

«Жаңа Өзбекстан» газетінің тілшісі.