Мемлекет басшысының 2021 жылғы 30 сәуірдегі шешімімен азаматтық авиация кәсіпорындарын трансформациялау бойынша міндеттер айқындалған болатын. Бұл тұрғыда озық шетелдік тәжірибе зерделеніп, кемел кеңесшілер тартылуда.
Атап айтқанда, түрік маманы Илкер Айджи командасымен «Uzbekistan airways» акционерлік қоғамын реформалау бойынша жұмыстар жүргізуде. «Turkish Airlines» компаниясын басқарған кезде оны аймақтық деңгейден жаһандық деңгейге сәтті шығарды.
Бүгінгі таңда «Uzbekistan airways» алдында да осындай міндет тұр. Өзбекстанның географиялық орны мен салалық инфрақұрылымын ұтымды пайдалану арқылы халықаралық көлік торабына айналдыру жоспарланған.
Презентацияда Мемлекет басшысына «Өзбекстан әу жолдарын» трансформациялау және дамыту бойынша әзірленген стратегия туралы баяндалды.
Оған сәйкес халықаралық тәжірибе негізінде авиакомпанияға корпоративтік басқару жүйесін енгізу, әуе кемелерінің санын арттыру, қызмет көрсету сапасын арттыру және жүк тасымалдау желісін кеңейту шаралары қабылданатын болады. Шетелдік инвесторларды тарта отырып, әуе компаниясын әлемдік стандарт негізінде жекешелендіру соңына жеткізіледі.
Бұл жұмыстардан көзделген басты мақсат – «Өзбекстан әуе жолдары» әуе компаниясын аймақтық жетекші авиакомпанияға айналдыру, сонымен қатар ішкі және халықаралық бағыттарда халықтың аз шығынмен қозғалысын қамтамасыз ету.
Президент бұл жоспарларды мақұлдап, оны тезірек жүзеге асыру керектігін баса айтты.
– Бұл салада он жылға кешіктік. Әуе компаниясы ескі әдіспен жұмыс істеуде, жолаушылар қызмет көрсету сапасына көңілі толмайды. Экономикамыз бен туризмімізді дамытамыз десек, бұл біздің алда тұрған жалғыз жол, – деді Шавкат Мирзияев.
Әуе компаниясында жобалық кеңсе құру және трансформация процесін үйлестіру бойынша ұсыныстар жасалды.