1 январьдан бастап Ұлттық заңдылығымызда не өзгереді

    Ел назарында 28 Dekabr 2023 1467

    2024 жылдың 1 январьдан бастап күшіне енетін ұлттық заңдылықдағы негізгі өзгерістер төмендегілерден құралады:

    Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдауға берілген жеңілдіктер жойылады

    Темір жолда жүктерді жергілікті, экспорт және импорт бағыттарында тасмалдау тарифтеріне берілген шегірмелер жойылады, екі немесе одан көп шет мемлекеттердің темір жол әкімшіліктерімен жасалған келісімдер негізінде берілетін шегірмелер бұған кірмейді.

    Сондай-ақ жүк вагондары мен контейнерлермен қамтамасыз ету және жоғары жылдамдықтағы және жүрдек пойыздарда жолаушыларды тасымалдау қызметтерінің тарифтерін мемлекет тарапынан тәртіпке салу практикасынан бас тартылады.

    Отбасылық кәсіпкерлікке несиелер ерекше шарттармен беріледі

    Отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары аясында несиелер 3 жыл мерзімге 6 ай жеңілдетілген кезеңмен жылдық Орталық банктің негізгі мөлшерлемесінен 4 пайыздық пункт жоғары мөлшерлемемен бөлінеді.

    Хорезм облысының мектеп оқушыларына планшеттер тарқатылады

    Хорезм облысының Қушкөпір және Ханқа аудандарында тәжірибе ретінде, барлық бастауыш сынып оқушылары оқу планшеттерімен қамтамасыз етіледі.

    Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне ақуыз, дәрумен және минералдармен байытылған сүт, йодпен байытылған нан өнімдері беру жолға қойылады.

    Беймемлекеттік жалпы орта білім беру ұйымдары қызметін жолға қоюға банк несиелері бойынша пайыз ставкаларының бір бөлігін өтеуге компенсация ұсынылады.

    Ташкентте мемлекеттік медициналық сақтандыру енгізіледі

    Ташкент қаласының медициналық мекемелерінде мемлекет кепілдік берген тегін медициналық қызмет көрсетуді және ауру топтары бойынша дәрі-дәрмек заттардың тізімін көздейтін мемлекеттік медициналық сақтандыру механизмдері кезең-кезеңімен енгізіледі.

    Әйелдерді кәсіптік оқытуға көмек көрсетіледі

    Ауыр әлеуметтік жағдайға душар болған әйелдерді қайта кәсіпке оқытуға кеткен қаржылар мемлекет тарапынан өтеп беріледі.

    Экономикалық қызметті қаржылық қамтамасыз ету күшейтіледі

    Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге өнімін сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлығының 50 пайыз мөлшерінде субсидия беріледі.

    Мемлекеттік үлесі 50 пайыздан жоғары болған ұйымдар тарапынан әр жылы іске асыратын инвестициялық жобалар құнының кемінде 5 пайызын облигациялар шығару арқылы қаржыландыру тәртібі енгізіледі.

    Зерттеу және даму (R&D) орталықтары үшін олар құрылған күннен бастап 3 жыл мерзімге мал-мүлік салығы мен жер салығы бойынша есептелген сумма мөлшерінің 1 пайызы төленеді, олардың қызметкерлері үшін әлеуметтік салық ставкасын 1 пайыз мөлшерінде есептеледі.

    Педагогикалық кадрларға категориялар жаңа тәртіппен беріледі

    Мемлекеттік мектепке дейінгі, жалпы орта және мектептен тыс білім беру ұйымдарының педагог кадрларға біліктілік санатын берудің жаңа тәртібі енгізіледі.

    Жалпы орта білім беру ұйымдардың директорларын әр 5 жылда бір рет кәсіптік сертификаттау жүйесі енгізіледі. Бұл ретте, сертификациядан өте алмаған директорлар қызметтерінен босатылады

    Цифрлық технологиялар министрлігі кейбір функцияларын жеке секторға береді

    Жеке секторға министрліктің төмендегі фукциялары беріледі:

    байланыс саласындағы ғимараттарды, нысандарды және басқа да құрылыс нысандарын салуға жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу;

    байланыс саласындағы жергілікті, қалааралық және халықаралық тармақтарды жобалау.

    Сондай-ақ, Ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау инспекциясы 6 ай сайын адам факторынсыз қалыптастырылатын тұрғын және кәсіпкерлік субъектілердің БИМҚП-дағы цифрлық қызметтермен және сервистерден қанағаттану деңгейінің рейтингін жариялайды.

    Зейнетақылық қамтамасыз етудегі өзгерістер

    Зейнеткерге есептелген, бірақ өз уақытында алмаған зейнетақыны төлеу мерзімі 12 айдан 24 айға дейін ұзартылады.

    Кредиторлардың құқықтарын қорғау күшейтіледі.

    Төлем қабілетсіздігінің тәртіп-қағидалары үдерісінде кредиторлардың кепілдікпен қамтамасыз етілген талаптарын кепілге қойған мал-мүлік құнынан қанағатандыруда оларға абсолютті басымдық беріледі.

    Кепілге қойылған мал-мүлікті қайта аукционда сатуға болатын ең төменгі баға аукцион нысанының бастапқы бағасының 80% мөлшерінде белгіленеді (егер мал-мүлік қайтадан аукционда реалзация жасалмаса, өндірушіге осы мал-мүлікті аукционның бастапқы бағадан 25 пайыз төмен құнда өзінде қалдыру ұсынылады).

    Өндіруге қаратылған кепілге қойылған мал-мүліктің ашық аукционда сатуды кепіл берушінің өтініші бойынша кейінге қалдыруға жол берілмейді.

    Берешегі бардың еркімен таратылу үдерісінің басталуына байланысты атқарушы ісін аяқтау және мал-мүлікті иелік етуге қатысты шектеулерді алып тастау тәжірибесі жойылады.

    5 аумақта жолаушылар тасымалы жүйесі «брутто келісімшартқа» өткізіледі.

    Әндіжан, Самарқант, Наманган, Қаршы және Үргеніш қалаларында тұрақты қала автобус бағытында шектеулі тарифтер бойынша жолаушылар тасымалы брутто-келісімшарт негізінде ұйымдастыру мен қаржыландыру жүйесі іске қосылады.

    Әкімшілік соттарға шағым арыз беруде мемлекеттік баж алынбайды

    Әкімшілік сотқа шағымданғанда азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерден мемлекеттік бажды өндіріп алмау тәртібі, мұнда мемлекет бажы ісін қарау нәтижесі бойынша кінәлі тұлғадан өндіру тәртібі енгізіледі.

    Орман қорының жерлері «E-ijara» арқылы жалға беріледі.

    Орман қорының пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін жеке және заңды тұлғаларға жалға беру бойынша материалдарды жинау, қарау, құзыретті органдармен және ұйымдармен келісу «E-ijara» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

    Орман қорының пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін «E-auksion» платформасы арқылы жалға беруде төмендегі жағдайларда жалдау ақысының «нөлдік» мөлшерлемесі қолданылады, деп хабарлайды Norma.uz портали.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates