Мемлекет басшысы мыс өндірісінің кластерін құру бойынша кеңес өткізді

    Билік 28 Iyun 2021 7411

    28 маусымда Президент Шавкат Мирзияев мыс өндірісін дамыту және өнеркәсіптік кластер құру бойынша кеңес өткізді.

    Соңғы 5 жылда елдегі мыс өндірісінің көлемі 1,5 есеге жуық өсті және 2020 жылы 148 мың тоннаға жетті. Бірақ қосымша құны жоғары өнімді дайындау ісі жеткіліксіз. Атап айтқанда, мыстың 60 пайызға жуығы шикізат ретінде экспортталуда.

    Мыстан келетін пайда қазіргі уақытта 2,5 миллиард долларды құрайды. Алдағы 5 жылда мыс өндірісін 400 мың тоннаға дейін ұлғайту арқылы бұл көрсеткіш байланысты салалармен бірге 7-8 миллиард долларға жетуі мүмкін.

    Осы мақсатта 24 маусымда «Тау-кен металлургия өнеркәсібін және онымен байланысты салаларды дамытудың қосымша шаралары туралы» Президент Жарлығы қабылданды. Қаулыға сәйкес Мыс өнеркәсібінің кластері құру міндеті қойылып, осыған орай Премьер-министр бастаған арнайы комиссия құрылды.

    Ең алдымен, түсті және сирек кездесетін металдарға геологиялық барлау жұмыстарын кеңейту бойынша 5 жылдық бағдарламасын жасаудың маңыздылығы айтылды.

    Салада жобалау және инженерлік қызметтерді дамыту үшін жетекші халықаралық компанияларды тарта отырып, заманауи жобалау институтын құру міндеті қойылды. Сонымен қатар, елде тау-кен жабдықтары мен құралдарын өндіруді және қызмет көрсетуді іске қосу қажет екендігі айтылды.

    Алдағы уақытта зауыттарда автокөлігі, цифрландыру сияқты жекелеген қызмет түрлері ынтымақтастық пен аутсорсинг негізінде жеке секторға беріледі.

    Инновациялық даму министрлігіне зерттеулер мен практикалық инновациялы жұмыстармен тығыз байланыста саладағы кәсіпорындарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу тапсырылды. Кластердің әр буыны үшін жоғары білімді инженерлер мен технологтарды даярлау, сондай-ақ шетелдік жетекші оқу орындарымен ынтымақтастық орнату маңызды екендігі атап өтілді.

    Жиында білікті мамандарды тарту арқылы, мыс өнеркәсібі кластерін ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесін терең зерттеу, халықаралық компанияны тарта отырып, геология мен тау-кен металлургиясының дамуындағы стратегиялық бағыттарды анықтау бойынша тапсырмалар берілді.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates