Мыс өнеркәсібін дамытуда Чили тәжірибесін пайдаланылатын болады

    Елімізге Чили университетінен инженер-химик және материалтану ғылымдарының кандидаты Хуан Карлос Салас және Чили мемлекетінің даму саясаты мен халықаралық қатынастар жөніндегі маманы Мелвин Ромеро Санмартиннан құралған сарапшылар тобы келді.

    Сапар барысында қонақтар 2022 жылы 8-9 январьда Алмалық тау-кен металлургиялық комбинатында да болып, келіссөздер жүргізді.

    Кездесу барысында мыс өнеркәсібі кластерінің болашақ жоспарлары талқыланды. Сондай-ақ 2030 жылға дейінгі тау-кен мыс өнеркәсібінің кластерін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу, мыс шикізаты негізінде өнім тізбегін құру үлгілері және болашақ жобаларды жүзеге асыру жөнінде өзара пікір алысты.

    Айта кетейік, Чили мыс өндіру бойынша әлемде бірінші орында. Алдағы уақытта елімізде мыс өнеркәсібін дамытуда Чили тәжірибесін тиімді пайдалану жоспарлануда.

    Сондай-ақ сарапшылар тобы «Қалмаққыр» және «Ёшлик-1» кен орындарындағы технологиялық өндіріс үдерісімен жақыннан танысты. Шетелдік қонақтар жылдық қуаттылығы 60 миллион тонна руданы қайта өңдейтін мүмкіндігі бар 3-Мыс байыту фабрикасының құрылыс үдерісін көрді, осы жоба бойынша толық мәліметке ие болды.

    Содан соң қонақтарға «Ангрен» еркін экономикалық аймағында орналасқан «Ангрен құбыр зауытының» қызметі, оның өнімдері көрсетілді, деп хабарлайды Ташкент облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates