Мемлекет басшысы қаржы технологияларын дамыту бойынша тұсаукесермен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев 10 қыркүйек күні қаржы технологияларын дамытуға қатысты ұсыныстар бойынша тұсаукесермен танысты.

    Қазіргі таңда әлемде қаржы технологиялары нарығы жедел қарқынмен дамуда. Оның көлемі биыл 300 миллиард доллардан асса, 2030 жылға қарай 600 миллиард доллардан артуы күтілуде.

    Елімізде де бұл бағытта зор мүмкіндіктер бар. 2018 жылы FinTech компаниялары 24 болса, бүгінде олардың саны 103-ке жетті. Биыл жергілікті компанияларымыз 260 миллион доллардан астам шетелдік инвестиция тартты. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4 есе көп.

    Өзбекстан Президентінің кәсіпкерлермен ашық диалогында 1 мың стартапты қолдау, «Open banking» жүйесін енгізу және қаржы технологияларын дамыту жөніндегі бес жылдық стратегияны әзірлеу қажеттігі айтылған еді. Таныстырылымда осы бағыттағы жоспарлар мен ұсыныстар бойынша ақпарат берілді.

    Стратегияны жан-жақты жасау үшін, ең алдымен, нормативтік-құқықтық база, қаржы технологияларының қазіргі жағдайы, инфрақұрылым мен кадрлар мәселесі талданып жатыра. Бұл процеске сингапурлық сарапшылар тартылып, халықаралық тәжірибе зерттелуде. Соның негізінде ұлттық қағидаттар қалыптастырылады, институционалдық архитектура мен ведомствоаралық ынтымақтастық тәртібі белгіленеді. Соңғы мақсат тұрақты, инклюзивті және бәсекеге қабілетті қаржылық қызметтер экожүйесін құру.

    Бүгінде қаржы нарығын жасанды интеллект пен блокчейн технологияларынсыз дамыту мүмкін емес. Талдауларға сәйкес, осы технологиялар арқылы банктердің табысын 20 пайызға, қаржылық қызмет көлемін 30 пайызға арттырып, тәуекелдерді 15 пайызға азайтуға болады.

    Мемлекет басшысы банктердің технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтіп, ондағы цифрлық қызметтерді көбейту, финтех саласындағы компаниялар мен стартаптарды жүйелі қолдау, ақпараттық технологиялар инфрақұрылымын дамыту қажеттігін атап өтті.

    Саладағы жетістік өлшемдерін анықтап, тиімді басқару үшін Орталық банк жанынан Финтех кеңсесін ашу тапсырылды. Стартаптарды жеделдету, жаңа идеялар мен инвестицияларға жағдай жасау үшін инновациялық хаб ұйымдастыру мақұлданды. Бұл шаралар болашақта Өзбекстанның өңірлік финтех орталығына айналуына қызмет етеді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates