«Алдағы айларда біз армиян драмын, өзбек сумын және БАӘ-нің дирхамын сатуды бастағымыз келеді. Бізде бұл валюталарға қызығушылық бар және олардың құны өсіп келе жатқанын түсінеміз. Бірқатар техникалық істер мәселелер шешілгеннен кейін біз осы валюталармен жұмыс істей бастаймыз», - дейді ол.
Мәскеу биржасында 20 түрлі валютаның сатылымы жолға қойылғалы тұр. Бірақ бұл олардың барлығы сатылады дегенді білдірмейді. Скабелиннің айтуынша, бұл валюталардың сатылымға шығуы үшін сауда қатысушылары мен клиенттердің оларға деген нақты қызығушылықтары болуы маңызды. Міне сонда ғана нағыз тұрақты базар пайда болады. Бұдан тыс ақшалардың биржада айналымын қамтамасыз ететін брокерлік фирмалар болуы керек.
Бұған дейін Мәскеу қор биржасы норезиденттерге Ресейдің бағалы қағаздармен сауда жасауға рұқсат берілетіні туралы хабарлаған, деп хабарлайды РИА «Новости».