Мәскеу метросы өзбек немесе тәжік тілін білетін кассирге бос орын жариялады

    Нақты 20 Oktabr 2021 1007

    Мәскеу метрополитені өзбек немесе тәжік тілдерін білетін кассирді іздеуде. Хабарландыру 19 октябрьде HeadHunter жұмыс іздеушілер сайтында жарияланған.

    Сонымен қатар, үміткер орта білімге ие, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі болуы керек. Кассирдің міндетіне транспортта жол билеттерін, көлік карталарын және тағы басқа транспортта жол жүру билеттерін орнын басатын басқа құралдарды тіркеу мен сату, автоматтарына қызмет көрсету және жолаушыларға кеңес беру кіреді, деп хабарлайды Газета.ru.

    Кассир лауазымына үміткерлерге 39 мың рубльден бастап жалақы, сонымен қатар астаналық метрода және қала маңындағы теміржол көлігінде тұрғылықты жеріне ақысыз жол жүру ұсынылады.

    Жұмыстың артықшылықтары қатарында жыл барысында істеген жұмысы үшін бонустар, еңбек өтіліне байланысты қосымша ақы төлеу, метро есебінен кәсіптік оқыту, елордалық сауықтыру кешенінде, балалар сауықтыру лагері мен балалар клубында жеңілдікпен демалу кіреді.

    Бұған дейін курьерлердің жалақысы олардың тапшылығына байланысты 200 мың рубльге дейін екені хабарланған болатын. Жаяу курьерлердің жалақысы айына 100 мың рубль, ал олардың автотранспорттағы әріптестерінің жалақысы 200 мың рубль.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates