баннер
25 Mar 2025
21:24

    Президент Имам Бұхари кесенесін зиярат етті

    Президенті Шавкат Мирзиёев 22 наурыз күні Самарқанд қаласына барып, Имам Бұхари кесенесін зиярат етті. Құран оқылып, дұға бағышталды.

    – Кеше ғана халқымызбен бірге Наурыз мейрамын атап өттік. Бүгін қасиетті Рамазан айында осындай киелі мекенде болу – үлкен нығмет. Бізді осындай ұлы күндерге аман-есен жеткізген Аллаға шүкір дейміз. Еліміз әрдайым тыныш, халқымыз аман, ниеттеріміз қабыл болсын. Бұл кешенді ұлы атамыз Имам Бұхариге лайық етіп тұрғызып жатырмыз. Ол тек зиярат орны ғана емес, ағарту, тәрбие және өнеге орталығы болсын, – деді Президент.

    Имам Бұхари кесенесі бүкіл ислам әлемінде аса құрметке ие орын. Көптеген зияратшылар үшін жағдайды жақсарту мақсатында Президент бастамасымен мұнда жаңа кешен бой көтеруде.

    Кешеннің жалпы аумағы – 44 гектар. Қазіргі таңда еңселі кесене мен 10 мың адамға арналған мешіттің құрылысы аяқталған. Биіктігі 75 метрге жететін төрт мұнара кешенге ерекше салтанат береді. Сонымен қатар, мұражай, ашық залдар, әкімшілік және қызмет көрсету ғимараттары салынған.

    Қазіргі кезде безендіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл істе ұлттық нақыш пен жылы түстерге баса мән берілген. Кесене қабырғаларына «Сахихи ұухариден» хадистер жазылуда.

    Сондай-ақ, аумақта екі мың орындық жиырмадан астам қонақүй, серуен аллеялары және төрт дәретхана салынбақ.

    Биыл елімізде Имам Матуридидің туғанына 1155 жыл толуына орай ауқымды іс-шаралар өткізіледі. Осыған байланысты Президенттің тиісті қаулысында Самарқанд қаласындағы Имам Матуриди кешенін қайта жаңғырту және абаттандыру шаралары көзделген.

    Сапар барысында Президентке осы жоба бойынша таныстырылым ұсынылды.

    Атап өтілгендей, Имам Матуриди кешенінде 1 500 адамға арналған жамағат мешіті мен әкімшілік ғимараттың құрылысы жоспарланған. Бұл жерде кітапхана, мәжіліс залы, заманауи инновациялық музей мен мамандарға арналған арнайы бөлмелер болады. Кешен маңында зияратшыларға арналған автотұрақ пен дәретхана да салынбақ.

    Имам Абу Мансур Матуриди — ислам әлемінде діни алауыздықтар мен түрлі ағымдар көбейген күрделі кезеңде өмір сүріп, бар ғұмырын ислам сенімін қорғауға және оның ағартушылық мәнін кеңінен насихаттауға арнаған ұлы ойшыл. Оның «Таъуилатул Құран», «Китаб ат-Таухид» секілді еңбектері кеңпейілділік пен ұстамдылықты дәріптейтін, әһлу сунна уал-жамаға сенімінің рухани негізіне айналған.

    Мемлекет басшысы бұл ілімнің бүгінгі күнде де маңызын жоғалтпағанын атап өтіп, ғұлама бабамыздың мол мұрасын терең зерттеп, жаһанға насихаттау, сондай-ақ кешенге келушілерге барлық жағдайды жасау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

    Тағы бір игі бастама – Ақдария ауданындағы Махдуми Аъзам қастерлі орнының абаттандырылуына бағытталған. Негізінен қазіргі Косансой ауданында дүниеге келген бұл сопылық ілім иесі – нақышбандия жолының жетекші өкілдерінің бірі саналады. Ғылым мен дін жолындағы ұзақ сапардан кейін Самарқанд өңірінде мәңгілік тұрақ тапқан.

    Бұл мекенге де зиярат етушілер көп келеді. Сондықтан, келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Махдуми Аъзам кесенесінің жанынан үш қабатты автотұрақ пен дәретхана салу көзделіп отыр.

    Сондай-ақ, Самарқанд жерінен шыққан өзге де ғұлама-ғалымдар мен қасиетті әулиелердің мазарлары кезең-кезеңімен қайта жаңғыртылып, абаттандырылатын болады.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech