Мәселе 19 жылдан кейін шешілді

    Күн сайын мыңдаған азаматтар АХАТ жазбалары негізінде ресми құжаттармен қамтамасыз етіледі.

    Бірақ олар жылдар бойы бірде-бір маңызды құжатқа ие бола алмайды. Мұның, әрине, нақты себептері бар.

    Ферғана облысы Хува ауданының Гузал махалла азаматтар жиынының тұрғыны Сурая Усманова 19 жаста. Ол осы күнге дейін туу туралы куәлік аламағандықтан екі жыл бойы жоғары оқу орындарына емтихан тапсыра алмады. Негізінде оның көп арманы да осы бір бөлек құжатқа байланысты. Оның анасы Қырғызстандық болғандықтан туу туралы куәлікті алуында құжат істерінде проблемалар болған. Ал кейінірек бұл істер қалып кеткен.

    «Қызым Сурая 2002 жылы Қырғызстанда жұмыс істеп жүргенімде дүниеге келген», - дейді Замира Усманова. – Өзбекстан азаматы ретінде Қырғызстанның АХАТ органдарына жүгінгенімде олар маған Сіз Өзбекстан азаматы екенсіз өз еліңізде құжат аласыз деген еді. Ал бұл жерге келгенімде бала Қырғызстанда туылған сондықтан құжатты сол жерден алатынымды айтты. Не керек, «метрика» алудағы проблемаларды айтып қай жерге баруды білмедім. Ақыры 19 жыл өткен соң Сурая туу туралы куәлігін алды.

    Мұндай жағдайлар АХАТ саласында көп кездеседі. Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтары қазірге дейін 38 мыңнан көп көшпелі қызметтерді ұсынды. Нәтижеде 200-ге жуық азаматқа туу туралы кешіктірілген куәлік және азаматтық Хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша 1500-ден астам заңгерлік кеңес берілді.

    МҚА Ферғана облыстық басқармасының баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates