Жиында әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін одан әрі арттыру, оларды заманауи қару-жарақ және әскери техникамен қамтамасыз ету, қолда бар қару-жарақты жаңғырту, сондай-ақ әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелерін және Қарулы Күштер ардагерлерін әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды.
Әскерлердің жауынгерлік және моральдық-тәрбиелік дайындығы, басқару органдары, бірлестіктер, бөлімдер мен бөлімшелер бойынша және жоғары әскери оқу орындары қызметінің тиімділігін арттыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы Қорғаныс министрінің есебі тыңдалды.
Есеп беру кезеңде жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, елді мекендерде 24 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, 5 мыңнан астам жас « Жасорат мактаблари» (Ерлік мектептерінде) оқу сабақтарына тартылды.
Әскери қалашықтарда «темір дәптерге» енгізілген отбасылардың балалары үшін ғылым, спорт және өнер үйірмелері мен секцияларын ұйымдастыру және оларды бригада командирлері мен әскери округ командирлеріне бекіту тәжірибесі жолға қойылды.
Барлығы 580-нен астам жедел-жауынгерлік оқу-жаттығу шаралары өтіп, оған Қарулы Күштердің 35 мыңнан астам әскери қызметшілері қатысты.
Әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау күшейтілді.
Жүзеге асырылған жұмыстардың нәтижесінде әскерлердің жауынгерлік даярлығының тиімділігі, әскери қызметкерлердің кәсіби шеберлігі, жауынгерлік рухы мен психологиялық дайындығы айтарлықтай өсті.
Әскери жоғары оқу орындарының қызметіне озық технологиялар негізінде әскери кадрларды даярлаудың жаңа жүйесі енгізілді.
Сонымен қатар, әскери саланы цифрландыруға ерекше көңіл бөлінді. Әскерлерді басқарудың заманауи автоматтандырылған жүйелері кезең-кезеңімен енгізілуде, байланыс жүйелері жетілдірілуде.
Жиында ұлттық армияны заманауи қару-жарақ және әскери-техникалық мүлікпен қамтамасыз ету, әскери-өнеркәсіп кешенін жетілдіруді жалғастырудың маңыздылығы көрсетілді.
Қарулы Күштердің құрылғанына 32 жыл толуына және 14 қаңтарда аталып өтетін Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде дайындау және өткізу мәселелері де сөз болды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің қызметін одан әрі жетілдіру және еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.