Президент жұмыс сапармен Ташкент облысының Алмалық қаласына барды

    Президент Шавкат Мирзиёев 15 қазан күні Ташкент облысының Алмалық қаласына сапар жасады.

    Бұл қаланың негізгі тірегі және қозғалтқыш күші — Алмалық тау-металлургия комбинаты. Экономика, жұмыс орындары, тұрғын үйлер, мәдениет және білім беру мекемелері осы кешеннің негізінде қалыптасқан.

    Бүгінгі таңда тұрақты өсу мен заманға сай әрекет маңызды. Мемлекет басшысы әр саланы ғылымға негіздеп дамытуды қолдайды.

    Алмалықта да кадрлар дайындау осы бағытта ұйымдастырылған. Атап айтқанда, қалада Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің және Мәскеу болат және қорытпалар институтының филиалдары ашылған. Жақында бұларға қосымша Алмалық тау-металлургия комбинатының Инженерлік мектебі құрылды.

    Президент алдымен осы мектептің жұмысымен танысты.

    Бұл жерде Германия тәжірибесі негізінде жылына 480 инженер дайындалып, мың қызметкердің біліктілігі артады. Оқу үрдістері бағыттары мен тақырыптарына сәйкес шетелдік профессорлар және оқытушылардың қатысуымен өткізіледі.

    Оқу бағдарламасы Германияның Фрайберг тау-кен академиясы, «GP Günter Papenburg AG» және «Aurubis AG» компанияларының алдыңғы қатарлы білім беру әдістемелері негізінде әзірленген. Мектеп осыған сәйкес, механика, металлургия, өндірісті автоматтандыру, пайдалы қазбаларды байыту және энергетика салалары бойынша заманауи оқу-тәжірибелік құрал-жабдықтармен жабдықталған.

    Мемлекет басшысы осы оқу бөлмелерін аралап, білім алып жатқан жастармен әңгімелесті.

    - Заман өзгеріп жатыр, әр салаға инновациялар енгізілуде. Осыған сай білікті маман болу үшін үнемі өздеріңізді дамыту қажет. Комбинаттың болашағы цифрландыруда. Әр бөлімді, өндірістің әр кезеңін цифрландыру қажет, - деді Шавкат Мирзиёев.

    Алмалық тау-металлургия комбинатында 3-мыс байыту фабрикасы салынып жатыр. Болашақта онда жұмыс істейтін мамандар қазірден бастап дайындалуда.

    Қысқа уақыт ішінде бұл жерде 100-ден астам жастар білім алып, сала кәсіпорындарына жұмысқа орналасты.

    Мемлекет басшысы мектептің тиімділігін одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті. Ол үшін оқулар үнемі ұйымдастырылып, ең бастысы, практикамен тығыз байланысты болуы керек.

    Биыл 20 маусым күні инженерлік салаларда кадрлар даярлау және жоғары оқу орындарының жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша видеоселекторлық жиын өткен болатын. Онда алғашқы кезеңде 10 жоғары инженерлік мектеп ашу белгіленген еді.

    Қазіргі уақытта осындай мектептер ашылуда. «Сала – кәсіпорын – жоғары оқу орны» тізбегін нығайту мақсатында әрбірінің өнеркәсіптік серіктесі анықталады.

    Инженерлік мектептер жоғары оқу орындарының құрылымында жетекші бағыттар бойынша ұйымдастырылады. Онда математика, физика, химия, инженерлік графика, информатика және шет тілдері бойынша білім тереңдетіп оқытылады. Бакалавриат пен магистратура «4+1» жүйесінде жолға қойылады. Студенттер 2-курстан бастап мамандықтар бойынша іріктеліп, өнеркәсіптік серіктестер үшін мақсатты кадрлар даярланады.

    Аталған мектептердің профессор-оқытушылары «Эл-юрт умиди» қоры, тиісті серіктес және университет қаражаты есебінен шетелдік жетекші мекемелерге біліктілікті арттыру үшін жіберіледі. Өнеркәсіптік серіктестер сала дамуына сәйкес заманауи зертханалар ұйымдастырады.Бұл қаланың негізгі тірегі және қозғалтқыш күші — Алмалық тау-металлургия комбинаты. Экономика, жұмыс орындары, тұрғын үйлер, мәдениет және білім беру мекемелері осы кешеннің негізінде қалыптасқан.

    Бүгінгі таңда тұрақты өсу мен заманға сай әрекет маңызды. Мемлекет басшысы әр саланы ғылымға негіздеп дамытуды қолдайды.

    Алмалықта да кадрлар дайындау осы бағытта ұйымдастырылған. Атап айтқанда, қалада Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің және Мәскеу болат және қорытпалар институтының филиалдары ашылған. Жақында бұларға қосымша Алмалық тау-металлургия комбинатының Инженерлік мектебі құрылды.

    Президент алдымен осы мектептің жұмысымен танысты.

    Бұл жерде Германия тәжірибесі негізінде жылына 480 инженер дайындалып, мың қызметкердің біліктілігі артады. Оқу үрдістері бағыттары мен тақырыптарына сәйкес шетелдік профессорлар және оқытушылардың қатысуымен өткізіледі.

    Оқу бағдарламасы Германияның Фрайберг тау-кен академиясы, «GP Günter Papenburg AG» және «Aurubis AG» компанияларының алдыңғы қатарлы білім беру әдістемелері негізінде әзірленген. Мектеп осыған сәйкес, механика, металлургия, өндірісті автоматтандыру, пайдалы қазбаларды байыту және энергетика салалары бойынша заманауи оқу-тәжірибелік құрал-жабдықтармен жабдықталған.

    Мемлекет басшысы осы оқу бөлмелерін аралап, білім алып жатқан жастармен әңгімелесті.

    - Заман өзгеріп жатыр, әр салаға инновациялар енгізілуде. Осыған сай білікті маман болу үшін үнемі өздеріңізді дамыту қажет. Комбинаттың болашағы цифрландыруда. Әр бөлімді, өндірістің әр кезеңін цифрландыру қажет, - деді Шавкат Мирзиёев.

    Алмалық тау-металлургия комбинатында 3-мыс байыту фабрикасы салынып жатыр. Болашақта онда жұмыс істейтін мамандар қазірден бастап дайындалуда.

    Қысқа уақыт ішінде бұл жерде 100-ден астам жастар білім алып, сала кәсіпорындарына жұмысқа орналасты.

    Мемлекет басшысы мектептің тиімділігін одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті. Ол үшін оқулар үнемі ұйымдастырылып, ең бастысы, практикамен тығыз байланысты болуы керек.

    Биыл 20 маусым күні инженерлік салаларда кадрлар даярлау және жоғары оқу орындарының жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша видеоселекторлық жиын өткен болатын. Онда алғашқы кезеңде 10 жоғары инженерлік мектеп ашу белгіленген еді.

    Қазіргі уақытта осындай мектептер ашылуда. «Сала – кәсіпорын – жоғары оқу орны» тізбегін нығайту мақсатында әрбірінің өнеркәсіптік серіктесі анықталады.

    Инженерлік мектептер жоғары оқу орындарының құрылымында жетекші бағыттар бойынша ұйымдастырылады. Онда математика, физика, химия, инженерлік графика, информатика және шет тілдері бойынша білім тереңдетіп оқытылады. Бакалавриат пен магистратура «4+1» жүйесінде жолға қойылады. Студенттер 2-курстан бастап мамандықтар бойынша іріктеліп, өнеркәсіптік серіктестер үшін мақсатты кадрлар даярланады.

    Аталған мектептердің профессор-оқытушылары «Эл-юрт умиди» қоры, тиісті серіктес және университет қаражаты есебінен шетелдік жетекші мекемелерге біліктілікті арттыру үшін жіберіледі. Өнеркәсіптік серіктестер сала дамуына сәйкес заманауи зертханалар ұйымдастырады.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates