Мемлекет басшысы маңызды инфрақұрылымды жақсартуға арналған таныстырылымға қатысты

    Билік 10 Yanvar 2022 5190

    10 қаңтарда Президент Шавкат Мирзияев құрылыс, жол инфрақұрылымын жақсарту және табиғи газбен қамту жобаларымен танысты.

    Ташкент облысының сауда және қызмет көрсету саласын дамытудың әлеуеті зор. Сондықтан қазіргі кезде тас жолдарды кеңейту, жол бойындағы қызметтерді арттыру мақсатында көптеген жобалар әзірленуде.

    «Ташкент-Шыназ» тас жолын жөндеу жобасы – соның бірі. Белгілі болғандай, бұл жол өте көлік көп қатнаушы жол болып, одан күндіз-түні 60-65 мың көлік өтеді. Сондықтан оның 10 шақырымын жөндеу, 5 жерасты өткелін және қосымша жергілікті маңызы бар жолдарды салу жоспарлануда.

    Сондай-ақ Ташкент қаласындағы «Темур Мәлік» көшесін 6 жолаққа кеңейту, екі жағынан көпқабатты тұрғын үйлер мен қызмет көрсету ғимараттарын салу, Жызақ қаласындағы Өзбекстан көшесінде 210 метрлік жол өткелін салу да жоспарда бар.

    Мемлекет басшысы осы жобаларды мақұлдап, шенеуніктерге құжаттарын әзірлеп, сапалы салуды жөнінже жауапты азаматтарға тапсырма берді.

    Сонымен қатар бүгінгі презентацияда табиғи газбен қамту жүйесіне жекеменшік әріптестікті енгізу бойынша ұсыныстар қаралды.

    Бұл жүйені жаңғырту өте өзекті. Өйткені еліміздегі газ құбырларының жартысынан астамы – 45 мың шақырымы отыз жылдан астам пайдаланылған. Соның салдарынан шығын көлемі 20 пайыздан асады.

    Техникалық басым шешімдерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын жоба аясында ескі газ құбырларын алып тастап, 1500 шақырымнан астам жаңасын тарту жоспарлануда. Сондай-ақ газ тарату стансаларының саны 6-дан 2-ге дейін қысқарып, 3 сатылы жүйеден 2 сатылы жүйеге көшу көзделген. Нәтижесінде қазіргі 115 миллион текше метр шығын жойылады.

    Бұл жобаның тиімділігіне тоқталған Президент оны жеделдету қажеттігін айтты. Сондай-ақ мұндай жүйені Сырдария ауданының Гүлістан қаласында, одан кейін басқа аймақтарда бір мезгілде енгізу міндеті қойылды. Бұл жұмыс газды тарату мен төлеуді реттеп, оның халқымызға тұрақты және толық жеткізілуін қамтамасыз етеді.