Сонымен қатар, үкімет пен ведомстволар арасында жеңілдікті сауда туралы, қоршаған ортаны қорғау, қажылық туризм, темір жол саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер, Сұрхандария облысы мен Хайбер-Пахтунхва провинциясы, Ташкент және Исламабад қалалары арасындағы келісімдерге қол қойылды.

Бұдан бөлек, сапар қарсаңында өткен бизнес-форумда жалпы құны 800 миллион доллар болатын бірлескен сауда-инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.