Мемлекет басшысына энергетика саласындағы жаңа жобалар жөнінде ақпарат берілді

    Мемлекет басшысына энергетика саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен жаңа жобалар жөнінде ақпарат берілді.

    Халықтың энергия көздеріне сұранысын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын көптеген жобалар жүзеге асырылып келеді. Соңғы бес жыл ішінде электр энергиясын өндіру көлемі 30 пайызға артып, 81,5 миллиард киловатт-сағатқа жетті.

    2035 жылға қарай елімізде электр тұтыну көлемі 121 миллиард киловатт-сағатқа жетеді деп болжанып отыр. Осыған байланысты энергетиканың барлық салаларын дамытудың нақты шаралары қабылдануда. 2030 жылға дейін жалпы электр өндіру құрылымында «жасыл» энергия үлесін 54 пайызға жеткізу көзделген.

    Бұл бағытта ең үлкен әлеуетке ие салалар – су және атом энергиясын пайдалану.

    Атап айтқанда, 2025–2026 жылдары жалпы қуаты 167 мегаватт болатын 2 983 шағын ГЭС (гидроэлектр станциясы) салу жоспарланған. Бұл жобалар арқылы жылына 500 миллион киловатт-сағат экологиялық таза электр энергиясы өндіріледі, 151 миллион текше метр табиғи газ үнемделеді. Құрылыс кезінде 1 200 адам, жобалар іске қосылған соң 520 адам жұмыспен қамтылады.

    Презентация барысында энергетика министрі биыл жүзеге асырылатын жобалар жөнінде ақпарат берді. Атап өтілгендей, биыл қуаты 65 мегаватт болатын 1 185 шағын ГЭС салынады. Олардың көпшілігін кәсіпкерлер іске қосады.

    Алдағы уақытта атом энергиясы да негізгі энергия көздерінің бірі болады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта елімізде шағын қуатты атом электр станциясын салу жобасы қолға алынған. Бұл станцияның жобалауынан бастап іске қосылғанға дейінгі барлық кезеңі Халықаралық атом энергиясы агенттігінің қатаң бақылауында болады, әлемнің озық тәжірибелері мен қауіпсіздік талаптары қолданылады.

    «Узатом» агенттігінің басшысы осы бағыттағы келіссөздер мен уағдаластықтар, жобаның барысы туралы баяндады.

    Жоспарланған нысандарды уақытылы іске қосып, халық пен экономиканың әртүрлі салаларын қосымша энергиямен қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

    No date selected
    May 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates