Жолдаулардан туындайтын үстем бағыттар белгіленді

    Ел назарында 27 Dekabr 2022 1976

    Сенаттың отыз алтыншы жалпы отырысында сенаторлар алдымен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың Олий Мажлиске және Өзбекстан халқына Жолдауынан туындайтын басым бағыттарға тоқталды.

    Атап өтілгендей, Жолдау – ел азаматтарының, олардың мүддесі мен тұрғындардың өмір сүру сапасын, мәні мен рухына қарай одан әрі жақсартуға бағытталған бағдарламалық құжат. Онда көтерілген әрбір мәселе парламенттің қызметімен тығыз байланысты және барлық салаларда заң үстемдігін қамтамасыз ету, қабылданған құжаттардың жергілікті жерлерде орындалуы үшін парламент тарапынан тиімді бақылау орнату Сенаттың негізгі міндеттері болып табылады.

    Атап айтқанда, ықшам және тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құру және оның қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету міндетін негізге ала отырып, Сенат комитеттерінің өзара іс-әрекеттер жасау әдістерін қайта қарауы және тиісті мемлекеттік басқару органдарымен жұмыс істеуі тиіс екендігі атап өтілді. Өйткені, парламент қызметінің негізгі жұмыс мазмұны билік арасындағы өзара ұстамдылық, мүдделер тепе-теңдігін сақтай отырып, билік органдарының халық мүддесі жолындағы ынтымақтастығынан тұрады.

    Сондай-ақ, Жолдауда қойылған міндеттерге сүйене отырып, Сенат жергілікті Кеңестер деңгейінде заңдарды белсенді түрде талқылап, заңдардың әр өңірдің мүддесіне сәйкестігін бағалап, заңдарды сарапшылар және қоғамдық талқылаудан өткізу тетіктерін кеңейту керектігі нақты айқындалды.

    Сонымен қатар, парламенттің бақылау-талдау қызметін одан әрі күшейту қажеттігі баса айтылып, аумаққа, әсіресе, махаллаларға баса назар аударылып, бұл үдеріске жергілікті кеңестерді белсенді түрде тарту, халықпен жұмыс істеу нәтижесінде анықталған өзекті мәселелерді Үкімет мүшелерінің алдына қойып, олардың шешімін табуға көмектесу керектігі атап өтілді.

    Жолдауда адам құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғау бағытында сенаторлардың назарында болуы қажет мәселе – сенаторлар тиісті салаларды талдай отырып, сыбайлас жемқорлықты жою мәселесінде белсенді болуы тілге тиек етілді.

    Атап айтқанда, бұл бағытта жауапты Сот-құқық істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен тұрақты ынтымақтастықта болғанымен, ендігі жерде бұл үдерісті жаңа кезеңге көтеріп, ұйымшылдықпен жұмыс жасау қажет екені баса айтылды.

    Тікелей өңірлер мен секторларда талдаулар жүргізіп, проблемаларды шешу бойынша ұсыныстар дайындап, оларды іс жүзінде жүзеге асыруға назар аудару маңызды екені, атап айтқанда, аумақта жүргізіліп жатқан құрылыстардың, бюджеттің шығыны және «бастамалық бюджет» есебінен жүзеге асырылатын жобалардың сапасын зерделеу қажеттігін ескеру керектігі айтылды.

    Сондай-ақ, жалпы жиналыс барысында Жолдауда атап көрсетілген сот шешімдерінің мүлтіксіз орындалуы мәселесіне ерекше назар аударылып, сот істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің тиісті мекемелерге сот шешімдері орындалуының жай-күйін зерделеу мен негізделген ұсыныстарды дайындау және бұл мәселеге Бас прокурордың есебін тыңдау барысында ерекше назар аудару қажет екендігі тоқталды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының ақпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates