Бұл ескерткіш Отанымыздың, ержүрек, бейбітсүйгіш және еңбекқор, қаһарман халқының құрметіне арналған. Ол ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығына арналған Президент идеясы негізінде бой көтерген. Республика өміріндегі маңызды оқиғалар мен шетелдік сапарлар кезінде мұнда гүл шоқтарын қою дәстүрге айналған.
Салтанатты шараға Олий Мажлис Заң шығару палатасы және Сенаты, Президент Әкімшілігі, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, Ташкент қаласы жұртшылығының өкілдері қатысып, ескерткіш түбіне гүл шоқтарын қойды.