Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бірлескен мәлімдеме және Жоғары мемлекетаралық кеңестің 2024-2034 жылдарға арналған стратегиялық серіктестік пен одақтастық бағдарламасын бекіту және Сыртқы істер министрлері кеңесін құру туралы шешімдерге қол қойды.
Сапар барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын қамтитын құжаттар кешені қабылданды. Оларға мыналар жатады:
- Мемлекеттік шекара режимі туралы үкіметаралық келісім;
- Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері және халықаралық автокөлік қозғалысы туралы үкіметаралық келісімдерге толықтырулар енгізу туралы хаттамалар;
- 2024-2025 жылдарға арналған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық іс-шаралар жоспары;
- Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Экономика министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
- Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестік саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамалар;
- Өзбекстан-Қазақстан Сарапшылар кеңесін құру туралы меморандум;
- Өзбекстан Республикасының Халықаралық қатынастар және достық байланыстар комитеті мен Қазақстан Республикасының Отандастар қоры арасындағы өзара түсіністік туралы келісім;
- 2024-2026 жылдарға Ташкент қаласы әкімшілігі мен Астана қаласы әкімдігі арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша практикалық іс-шаралар жоспары.