Сонымен қатар көпқырлы серіктестіктің әртүрлі бағыттарын қамтитын екіжақты құжаттар топтамасы қабылданды. Атап айтқанда:
– денсаулық сақтау, білім беру және әскери медицина салаларындағы ынтымақтастық туралы;
– экономикалық және қаржылық ынтымақтастық туралы;
– тау-кен өнеркәсібі саласындағы өзара ынтымақтастық туралы;
– халықаралық көлік дәліздерін дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы;
– арнайы экономикалық аймақтар саласындағы ынтымақтастық туралы;
– ядролық қауіпсіздік, физикалық қорғау, кепілдіктер және радиациялық қорғау салаларындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы;
– көші-қонға жәрдемдесу және азаматтарды өз еліне қайтару саласындағы ынтымақтастық туралы;
– Өзбекстан Республикасының Дін істері жөніндегі комитеті мен Түркия Республикасының Дін істері басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдер;
– Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2026–2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;
– Өзбекстанның Жеңіл өнеркәсіпті дамыту агенттігі мен Түркияның Жоғары білім кеңесі арасындағы хаттама;
– Мәдениет саласындағы 2026–2027 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспары.