Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айтуынша, жоба 90 гектар аумақты қамтиды және оны Австрияның Doppelmayr / Garaventa тобы жүзеге асырады.
Doppelmayr/Garaventa Group - Австрия мен Швейцарияда орналасқан, канатты жолдар(ropeways), гондолалар, лифттер, жолаушылар мен материалдарды тасу жүйелерін өндіретін ірі компаниялардың тобы. Топта түрлі технологиялар, жүйелер мен қызметтердің жеткілікті кең портфеліне ие. Компания әлемнің 96 мемлекетінде 15, 000-нан астам канатты жолды жобалаған.
Наманган облысының әкімі Шавкатжон Абдураззоков Doppelmayr/Garaventa тобының өкілдері - Жоханнес Триебник, Валерий Яшин және Евгений Купринді қабылдады. Кездесу барысында жобаның маңыздылығы мен жүзеге асырылатын құрылыс нысандары талқыланды.
Айта кетейік, бұл жобаны Наманганның ірі кәсіпкерлердің бірі — «Aisha group» компаниясының басшысы Жобирхон Камалитдинов қаржыландырып отыр.








