Наманганда 63-Халықаралық гүлдер фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

    Давлатабад ауданында құрылған «Янги Ўзбекистон» бағында бой көтерген жаңа жазғы амфитеатрда 63- Халықаралық гүлдер фестивалінің салтанатты түрде жабылу рәсімі өтті.

    Шараға бірқатар елдердің Өзбекстандағы елшілері, дипломатиялық корпус өкілдері, облыс белсенділері, нұранилер, қалың жұртшылық өкілдері қатысты.

    Үстіміздегі жылдың 19 майдан 23 июнь аралығында жалғасқан фестивальге 60 елден 200 мыңнан астам саяхатшы келіп, жалпы келушілердің саны 6 миллионнан асты.

    Захириддин Мухаммед Бабур атындағы мәдениет және демалыс саябағында, «Аңыздар өлкесі» тематик саябағында және Наманган қаласында 45 миллионнан астам гүл отырғызылып, бірегей композициялар жасалды.

    Өзбекстанның өнер майталмандары мен белгілі әншілерінің қатысуымен ұйымдастырылған үлкен концерттік бағдарлама барысында 63- Халықаралық «Гүлдер фестивалін» жоғары деңгейде өткізуге лайықты үлес қосқан белсенділерді марапаттау рәсімі өтті. Осыған орай:

    «Ең үздік дизайнды жасаған гүл өсіруші» ретінде Мубошер Қодиров марапатталды.

    Басқарма мен ұйымдар арасында «Ең үздік ландшафт дизайны» аталымы бойынша Наманган қаласындағы Бабыр атындағы мәдениет және демалыс саябағына бұйырды.

    Әкімдер арасында «Ең руханиятқа бай ландшафт дизайны» аталымы бойынша Жаңа Наманган ауданы жеңімпаз атанды.

    Оларға салтанатты түрде заманауи көліктер табыс етілді.

    Сондай-ақ, «Гүлдер фестивалының авто парадтағы белсенді қатысуы», «Ең үздік гүл композициясы», «Ұлттық құндылықтарға сай гүл өсірушілер әулетінің қолдаушысы», «Гүлдер фестивалін ұйымдастырудағы қызметтері үшін» аталымы бойынша жеңімпаздар да ақшалай сыйлықтармен марапатталды, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.

    Наманган «Гүлдер фестивалінің» арқасында Орта Азиядағы бірегей болған табиғи, ғылыми, әдеби, рухани-ағартушылық гүлшарға, Самарқант пен Бұхара сияқты Өзбекстанның туристік шақырту қағазына айналды.

    No date selected
    June 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates