Наманганда да қоғамдық көліктерге ATTO картасы енгізілді

    Наманган облысының тұрғындары мен қонақтарына қосымша қолайлылық жасау мақсатында, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын электронды жүйе арқылы жүзеге асыру жоға қойылды. Бұл туралы Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Наманган қаласының ішінде жүретін 20 автобус бағытына 158 дана электронды төлемдерді қабылдайтын стационарлық валидатор орнатылғаны атап өтілді.

    Жолаушылар тек ATTO көлік карталарымен ғана емес, сонымен қатар банк картасымен, ATTO мобильді қосымшасымен және виртуалды көлік картасымен де төлей алады.

    «ATTO көлік карталарын жақын арада «Сардоба» базары бекеті, «Чорсу» базары бекеті, «Достлик» базары бекеті және «Отчопар» даңғылы бекетінен сатып алуға болады», - делінген хабарламада.