Намангандық қыз Президент, сондай-ақ әл-Хорезми атындағы мектептердің сынағынан өтті

    Білім 20 Sentabr 2021 4254

    Дилнура Бурхонжанова Наманған қаласындағы 58-Мемлекеттік мамандандырылған мектеп-интернатының 4-сыныбында білім алады.

    Мектепте озат оқушы, үлгілі мінез құлыққа ие болумен бірге бос уақытында көркем гимнастиканың спортымен шұғылданады, сондай-ақ менталды арифметикалық үйірмеге де қатысады.

    Жас дарын иесі 2018 жылы-ақ “Жылдың ең белсенді оқушысы” аталымынының жеңімпазы болған.

    2019 жылы 24 февральда Ташкент қаласында өткізілген көркем гимнастика бойынша турнирде жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Сонымен қатар Наманган қаласындағы гимнастикаға мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің мақтау қағаздарымен бірнеше рет марапатталды.

    2020 жылы 29 сентябрьде Әндіжан қаласында өткізілген “Менталды арифметика” бойынша ашық олимпиадада жүлделі 1-орынды, 15 октябрьде Наманган қаласында өткізілген “Менталды арифметика” бойынша ашық олимпиада жүлделі 2-орынды иеледі.

    Бүгінге дейін барлық пәндерден жоғары бағаларға оқып, биыл Наманган қаласындағы Президент мектебі мен Ташкент қаласындағы Махаммад әл- Хорезми атындағы мамандандырылған ІТ мектебіне құжат тапсырған еді. Қорытынды нәтижелерге қарағанда, Дилнура екі мектепке де қабылданды.

    Дилнураның осы жетістіктері Наманган қаласындағы 58-МММИ ұстаздары және анасы Наманган мемлекеттік университетінің математика кафедрасы оқытушысы Дилноза Махмудованың үлесі шексіз. Дилнураны алда көптеген жетістіктер күтіп тұр.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates