Екінші ең жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы жапондық Наоя Иноуэдің алдағы жоспарлары бойынша ақпарат берілді.
Top Rank Promotions компаниясының басшысы, Иноуэнің промоутері Боб Арумның айтуынша, Наоя 24 январь күні Сэм Гудманмен сайысынан кейін май немесе июнь айында Лас-Вегас (АҚШ) қаласында Алан Пикассоға қарсы WBC белбеуін қорғайды.
Арумның айтуынша, содан кейін Муроджан Ахмадалиевпен жұдырықтасу кезегі келген. Өзбекстандық бұрынғы әлем чемпионымен жекпе-жекті осы жылдың аяғында немесе 2026 жылдың басында Сауд Арабиясында өткізілуі жоспарланған.
Бұған дейін жапондық былғары қолғап шебері WBA Interim чемпионы Муроджан Ахмадалиевке: «Егер жекпе-жек өткізгіңіз келсе, өз жеңісіңіздің «бағасын» ұстап тұр және күт», - деген еді. WBA ұйымы бұл жекпе-жекке осы уақытқа дейін екі рет бұйрық берген.