Науаи облысы әкімі ауысты

    Ел назарында 8 Noyabr 2021 7944

    Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді.

    Бүгін, 8 ноябрь Науаи облыстық халық депутаттары кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтеді. Одан кейін ұйымдастыру мәселесі қаралды.

    Сессияда Науаи облысының бұрынғы әкімі Қабул Тұрсынов қызметінен босатылды.

    Жаңа әкім болып Ташкент қаласы мемлекеттік салық инспекциясының басшысы Нормат Тулкунович Тұрсынов тағайындалды.

    Ақпарат үшін, 2016 жылдың 25 декабрінен Қабул Тұрсынов Науаи облысының әкімі болып тағайындалған еді.