Мемлекет басшысы Науаи облысына қатысты жаңа жоспарлар бойынша жиналыс өткізді

    Президент Шавкат Мирзиёев 7 тамыз күні Науаи облысында реформалар тиімділігі және жаңа жоспарлар бойынша жиналыс өткізді.

    Науаи облысы жер асты қазба байлықтары, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бойынша зор әлеуетке ие өңір. Соңғы сегіз жылда бұл жерде 8 миллиард долларлық 7 мыңнан астам жоба іске асырылып, 73 мың жұмыс орны ашылған. Кәсіпкерлер саны 10 мыңнан 30 мыңға артқан.

    Өзбекстан Президентінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы «Науаи облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша қосымша шаралар туралы» қаулысы мүмкіндіктерді одан әрі арттырды.

    Биылғы жылдың алғашқы алты айында инвестициялар көлемі 643 миллион долларға жетіп, экспорт 635 миллион доллардан асты. 550 миллион долларлық жаңа өндіріс қуаттары, 1140 сауда және сервис кешендері іске қосылды.

    Алайда әлі де пайдаланылмаған мүмкіндіктер өте көп. Мемлекет басшысы Науаи облысында ірі өнеркәсіп салаларынан бөлек жайылымдарды игеру, мал шаруашылығын дамыту, қызмет түрлерін көбейту бойынша кең жол ашық екенін атап өтті.

    Атап айтқанда, елдегі қазба байлықтардың 20 пайызы және жайылымдардың 43 пайызы осы өңірде орналасқан. Ірі кәсіпорындар мен қолайлы инфрақұрылым көптеген қосалқы салаларда сұраныс тудырып отыр.

    Жергілікті мүмкіндіктерді толық пайдалану мақсатында Науаи облысында «Реформалар штабы» құрылды. Жиналыста кәсіпкерлердің ұсыныстары негізінде жасалған жаңа жобалар таныстырылды.

    Атап айтқанда, «Ғозғон» қаласы, «Нұрата», «Хатирчи», «Навбахор» және «Үшқұдық» аудандарындағы 8 кен орнын дамытуға инвесторлар 566 миллион доллар инвестиция салуға дайын екенін білдірген. Бұл өз кезегінде өнеркәсіп көлемін 2,5 трлн сумға, экспортты 100 млн долларға арттыруға мүмкіндік береді.

    Мысалы, «Нұрата» ауданында 750 миллион текше метр гранит тасы қоры бар. Оны өңдеу үшін 50 гектар жерде өнеркәсіп аймағын құру ұсынылды.

    Сондай-ақ, осы аудандағы 10 махаллада 5 мыңнан астам қыз-келіншек кесте тігумен айналысып, табыс тауып отыр. Енді бұл бастаманы кеңейтіп, 28 махаллада Кестешілік орталықтарын ашу көзделген.

    Мұқтаж отбасыларды күн панельдерімен және көшпелі дүкендермен қамтамасыз етіп, кедейліктен шығару қарастырылған.

    Облыстағы 3 миллион гектар жайылым ауыл шаруашылығы үшін зор мүмкіндік. Мысалы, қызылтөбелік кәсіпкері мың гектар жайылымда жаңбырлатып және тамшылатып суару технологиясын қолданып, экспортқа бағытталған дақылдар өсіруде. Енді мал шаруашылығын дамытып, сүт өңдеуді қолға алмақ.

    Жалпы алғанда, облыста 1 млрд 600 млн долларлық қосымша жобалар пысықталған. Олардың нәтижесінде 10 мың жаңа жұмыс орны ашылып, бюджетке 1 трлн сум түсім және 238 млн долларлық экспорт мүмкіндігі пайда болады.

    Мемлекет басшысы жобалардың экономикалық тиімділігін арттыру жөнінде тапсырмалар берді.

    Ірі және шағын кәсіпорындар арасында кооперация жоқтығы айтылды. Кәсіпкерлерді өндіріс орындарымен байланыстырып, кепілді тапсырыс жүйесін жолға қою арқылы облыстағы шағын бизнестің үлесін арттыру міндеті жүктелді.

    Жайылымдарға су тартуға көмек беріп, оларды тиімді пайдалану және азық-түлік өнімдерін көбейту қажеттігі айтылды.

    Науаи облысында орташа жалақы басқа өңірлерге қарағанда 1,5 есе жоғары. Бұл жағдай сауда және қызмет көрсетуге сұранысты да, ұсынысты да ынталандырады. Осыған байланысты көңіл-ашар саябақтары мен демалыс аймақтарын ұйымдастыру, туристерді көбейту, қызмет көлемін арттыру бойынша нақты нұсқаулар берілді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates