Қаулымен 2026 жылғы Наурыз жалпыұлттық мерекесіне дайындық көру және оны өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің (Ұйымдастыру комитеті) құрамы бекітілді.

Қаулыға сәйкес, Наурыз мейрамын лайықты атап өту бойынша «Наурызды ұлықтау – адамды ұлықтау!» деген ізгі идеяны өзінде қамтыған ұйымдастырушылық-тәжірибелік, мәдени-рухани және насихаттық іс-шаралар бағдарламасы бекітіледі және оның орындалуы қамтамасыз етіледі.

Биылғы Наурыз қасиетті Рамазан айт мерекесімен үндес түрде атап өтілетінін және бұл оның адамгершілік қағидаттарын одан әрі күшейтетінін ескере отырып, «Мейірбандық», «Саховат» және «Мурувват» үйлерінде тұратын адамдардың жағдайынан хабар алу ұйымдастырылады.

«Жасыл кеңістік» жалпыұлттық жобасы аясында белгіленген іс-шаралар жүзеге асырылады, «Мен де көшет отырғызамын» акциялары, жалпы халықтық асар ұйымдастырылады.

Ташкент қаласындағы «Жаңа Өзбекстан» кешенінде арнайы бағдарлама негізінде халықтық серуендер ұйымдастырылады.