Елдің орталығында болған көшкін Будхи-Гандаки өзенінің арнасын бөгеп қалды. Соның салдарынан су жағасынан асып, өзен ағысының бойындағы көшелерді су басты. Тасқынның күшті болғаны соншалық, төрт көпірді, жиырма үйді және құрылысы жүріп жатқан су электр станциясын қиратып кетті.

Бес адам із-түзсіз жоғалған. Қырық тоғыз адам құтқарылды. Қаза тапқандар туралы әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Ресми өкілдер зардап шеккен аудандардың тұрғындарын қауіпсіз жерлерге көшуге шақырды.

Бір айдан астам уақыт бұрын Непал мен Тибет шекарасында мұздықтардың опырылуы жойқын су тасқындарына себеп болған еді. Сол кезде 1 500-ге жуық адам қаза тапты. 5 000-нан астам адам әлі де із-түзсіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлады 24.kz.