Табиғи апаттар қаупін азайту және олардың салдарын жою жөніндегі ұлттық басқарманың мәліметінше, 6 150 адам хабар-ошарсыз кеткен деп есептеледі. Олардың арасында 600-ден астам шетел азаматы бар. Ресей елшілігінің қолындағы хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде Ресейдің 11 азаматы тіркелген.

Құтқару қызметтері үйінділерді тазарту және су басқан аумақтарда жұмыстар жүргізуді жалғастыруда. Соңғы апталарда 13,7 мыңнан астам адамды құтқаруға қол жеткізді, деп хабарлады Kazinform.

Еске салайық, Непалда 26 тамызда болған жойқын су тасқынынан қаза тапқандарды еске алу мақсатында 7 қыркүйек ұлттық аза тұту күні деп жарияланған еді. Мемлекеттік мекемелерде жалаулар төмен түсіріліп, қаза тапқандардың отбасылары дәстүрлі аза тұту рәсімдерін өткізді.