Сапар Туризм комитеті тарапынан «Непутевые заметки» телебағдарламасының кезекті санын Өзбекстанда түсіру мақсатында ұйымдастырылды.
Дүние жүзі бойынша 10 миллионнан астам көрерменді қамтитын телебағдарламаның шығармашылық тобы Өзбекстанның туристік әлеуетін, тарихын, мәдениетін және гастрономиясын тек ресейлік ғана емес, сонымен қатар шетелдік көрермендер арасында кеңінен насихаттау мақсатында Бұхара және Самарқант облыстары мен Ташкент қаласының тарихи және заманауи көрікті жерлері, мәдени мұра нысандары, қолөнершілер, ұлттық тағамдар, салт-дәстүрлерімізбен танысты.
Сонымен қатар, шетелдік қонақтарға еліміздегі туризм саласында жүзеге асырылып жатқан реформалар, туристерге жасалып жатқан кең мүмкіндіктер туралы толық ақпарат берілді, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.