Мемлекет басшысы мен жұбайын Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мён және оның жұбайы қарсы алды.
Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне Құрмет қарауылы сап түзеді. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Президенттер Құрмет қарауылының алдынан өтіп, ресми делегация мүшелерімен амандасты.
Одан кейін Мемлекет басшысы «Чонг Ва Дэ» сарайының Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.
Бірлесіп суретке түскеннен кейін жоғары деңгейдегі келіссөздер басталды.