Бұл туралы Транспорт министрлігі хабарлады.
Мәліметке орай, аталған жеңілдікті Өзбекстан азаматтары болған 55 жастан асқан әйелдер мен 60 жастан асқан ерлер — зейнеткер қарт азаматтар пайдалана алады.
Жеңілдік жыл сайын екі кезеңде қолданылады:
- 2–8 қазан — «Қарттар апталығы»;
- 1–30 қараша — «Қарттарға арналған туризм айлығы».
Бұл жеңілдік «Афросиёб» жүрдек электр пойызынан басқа, барлық ішкі бағыттардағы пойыздарға қолданылады.
Жеңілдікпен билеттерді онлайн түрде немесе теміржол кассалары арқылы рәсімдеуге болады.