Вагондар саны да көбейеді.

Бұл туралы Көлік министрлігінің ақпарат қызметі хабарлады.

Қосымша қатынаулар:

2025 жылдың 26-31 декабрь күндері мен 2026 жылдың 4 январь күні аралығында «Ташкент – Самарқант – Ташкент» бағыты бойынша «Афросиёб» жүрдек электр пойызының қосымша рейстері ұйымдастырылып, жалпы 14 қосымша рейс жүргізіледі.

«Ташкент – Бұхара – Ташкент» бағыты бойынша 2025 жылдың 26-31 декабрь  аралығында «Афросиёб» жүрдек электр пойызының қосымша 4 рейсі жүргізіледі.

2026 жылдың 12 январына дейін Ташкент – Хиуа – Ташкент бағыты бойынша қосымша жолаушылар пойызы қатынайтын болады. Бұл бағыт бойынша жалпы 12 қосымша рейс қойылады.

Қосымша вагондар:

«Ташкент – Хиуа – Ташкент», «Ташкент – Шовот – Ташкент», «Ташкент – Қоңырат – Ташкент», «Ташкент – Терміз – Ташкент» және «Ташкент – Бұхара – Ташкент» (Шарқ поезди) бағыттарында қозғалатын пойыздарға (2026 жылдың 12 январына дейін әр күні 4-тен қосымша вагондар қойылады.