Сапар бағдарламасына сәйкес, екі мемлекет басшысының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді. Онда Өзбекстан мен Германия арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланады.

Тараптар сауда, өнеркәсіптік кооперация, энергетика және жасыл технологиялар, көлік және логистика, фармацевтика мен химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы салаларындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ білім беру және гуманитарлық байланыстарды жандандыруға ерекше назар аударады.

Кездесу барысында халықаралық және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасу жоспарланған.

Келіссөздер аясында бірқатар жаңа бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске қосу, сондай-ақ Өзбекстан мен Германия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға серпін беретін құжаттар топтамасын қабылдау көзделіп отыр.