IOL порталының хабарлауынша, 37 жасты Гаутенг провинциясының азаматшасы жүктіліктің сегізінші айында жеті ұл және үш қыз босанған. Бір қызығы, дәрігерлер сегіз бала күткен екен.
Бұған дейін Мали азаматшасы бірден тоғыз баланы дүниеге әкеліп рекорд жасаған еді. Арадан бір ай өткен соң бұл рекорд жаңарды.