баннер
17 Mar 2025
12:06

    Ноябрь айында екінші қол автокөлік базарында баға арзандады

    2024 жылдың ноябрь айында екінші қолқ автокөлік базарында жергілікті автокөліктердің, шетелдік люкс модельдер мен электромобильдердің бағасы түскені тіркелді.

    Бұл туралы Министрлер Кабинетінің құзырындағы Макроэкономикалық және аумақтық зерттеулер институты автомобиль базарының талдауын жариялады.

    Айтуларынша, «Onix», «Lacetti» және «Spark» сияқты жергілікті көліктердің бағасы 0,8 пайыздан 5,4 пайызға дейін төмендеген.

    Электромобильдерден BYD «Han» және «Yuan Up» маркалары салыстырмалы түрде 1,6 пайыз және 2,4 пайызға төмендеген. Шетелдік люкс үлгідегілер, сонымен қатар, Hyundai “Elantra” және Kia “Sportage”, орташа есеппен 1,5 пайыздан 3,4 пайызға дейін түскен.

    Сонымен қатар, кейбір жергілікті люкс көліктер мен жаңа үлгілердегі автомомбильдерде айтарлықтай өзгеріс байқалмаған.

    Мы в Телеграм
    Text to speech