Нөкіс сапары: көңіліміз тыныш тапты

    1-2 июль күндері Қарақалпақстан Республикасында, атап айтқанда Нөкіс қаласында болған жаппай тәртіпсіздіктер барша жерлестерімізді қатты алаңдатты. Бұл күтпеген оқиға жүрегімізді елжіретіп, Отанымыздың мызғымас тәуелсіздігін, бейбітшілік пен тыныштықты көздің қарашығындай сақтауға, бүгінгі әл-ауқатты күндерімізді бағалауға деген жауапкершілік арта түсті

    Жуырда ғана бір топ әріптестерімізбен Нөкіс қаласынан оралдық. Нөкіске, десе әрдайым асығып барғанмын. Өйткені бұл қалада қарақалпақ достарым көп, халқы қонақжай, сабырлы, мейірімді халық. Сонымен қатар Аралдың салмақты үнін естуге ынтықпын. Сондай-ақ әлеуметтік-саяси себеп бар, бұл — Қарақалпақстанда болып жатқан үлкен өзгерістерді өз көзімізбен көргіміз келді

    Бұлттардың құшағында осыларды ойлап отырып, бұл жолы біраз мұңайып қалдым. Бүгін Нөкіс, нөкістіктердің, қарақалпақстандық қандастарымыздың бүгінгі көңіл-күйі қандай? Сұрақтар көп. Өкінішке орай, ұшақ бортында бұл сұрақтарға жауап табудың мүмкіндігі жоқ.

    Сағат 10:40. Нөкіс халықаралық әуежайына қондық. Сыртта Нөкістегі әріптестеріміз заманалық көліктерге мініп, жылы көңіл күймен күтіп алды. Қарақалпақстаннан шыққан белгілі тележурналист Назира Мәмбетшәріповамен қол алыстық. Бізді көргенде күлімсіреп тұрды, бірақ оның көзінде әлдебір мұң бар сияқты, болған оқиғалар оның ділін ауыртқаны көрініп тұрды. Қысқа таныстыру мен әңгімеден кейін алғашқы межелі жерге саяхат басталды.

    Мұндағы сабырлы, бірқалыпты атмосфера өткен жылдарды еске түсіреді. 2017-2021-жылдары Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды оңалту, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында өте үлкен, аса ауқымды шаралар жүзеге асырылды. Мәліметтерге қарағанда, соңғы бес жылда Қарақалпақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуына жалпы саны 17 триллион сум бөлінді. Оның ішінде бюджеттен 4 триллион сум, халықаралық қаржы ұйымдарынан 444 миллион доллар және банктік несиелерден 10 триллион сум бөлінді.

    Әрине, бұл сандар сөйлемейінше, оның мәнін түсіну қиын. Мұның үшін көп айту керек. Біз тек бір жағына тоқталғымыз келеді. Өткен кезеңде Қарақалпақстанда жан басына шаққандағы табыс 2,7 есеге өсіп, елімізде соңғы орыннан, бүгінгі 9-орынға көтерілді. Жалпы 83 000 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылып, орташа жалақы 2,8 есе өсіп, 2,7 миллион сумға жетті.

    Нақты жалпы аумақтық өнім көлемі 132 пайызға, өнеркәсіп өнімінің көлемі 133 пайызға, құрылыс жұмыстары 2 есеге, ауыл шаруашылығы 120 пайызға, қызмет көрсету көлемі 175 пайызға өсті.

    Бұл ұлы істердің басында Президентіміз Шавкат Мирзияевтың өзі тұрды. Нөкіс қаласына жиі-жиі барды. Болып жатқан істерді өз бақылауына алды.

    Айтдики: Тошкентда бўлаётган ҳар қандай янгиланиш ва ўзгариш дарҳол Нукусда, бутун Қорақалпоғистонда ҳам бўлиши керак.

    Айтуынша: Ташкентте болып жатқан кез келген жаңару мен өзгеріс дереу Нөкіс қаласында және бүкіл Қарақалпақстанда да болуы керек.

    Осылай болды да. Бүгінгі Қарақалпақстанды бес-алты жыл бұрынғы өмірмен салыстыруға болмайды. Құрылыс қарқынды жүріп жатқанда, тіпті ең шалғай ауылдарда да жаңа инфрақұрылым пайда болғанын көресіз. Адамдар жүздеген жылдар бойы көрмегенөзгерістер бірінен соң бірі болды: ауызсу келді, балабақшалар салынды, жаңа мектептер, медицина, тағы басқа да әлеуметтік нысандар іске қосылды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates