Нөкісте жел электр станциясын құру бойынша келісімдерге қол қойылды

    Энергия 17 Dekabr 2021 1129

    Үстіміздегі жыл 17 декабрьде ACWA Power (Сауд Арабиясы) компаниясымен Қарақалпақстан Республикасына құрылатын 100 МВт қуатқа ие жел электр станциясының (ЖЭС) жобасы бойынша келісімдерге қол қойылды. Жоба құны 108 миллион долларды құрайды.

    Нөкіс жел электр станциясы жобасы Өзбекстандағы жел электр станциясының бірінші жобасы болып табылады және оның инвесторы «ACWA Power» компаниясы бір кВт.сағ электр энергиясы үшін 2,5695 цент тарифін ұсынып, тендерді жеңіп алды.

    Жобаны жүзеге асыру үшін арнайы құрылған «ACWA Power Wind Karatau FELLC» жауапкершілігі шектеулі қоғам компаниясы «Өзбекстан ұлттық электр желілері» АҚ-мен 25 жылға электр энергиясын сатып алу келісіміне қол қойды. Сондай-ақ «ACWA Power Wind Karatau FE LLC» ЖШҚ және «ACWA Power» компаниялары Қаржы министрлігі тарапынан Өзбекстан Республикасының Үкіметімен Мемлекеттік қолдап-қуаттау туралы келісімге (GSA) қол қойды.

    Құжаттарға қол қою рәсіміне Энергетика министрлігінің, Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің, Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту агенттігінің, Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) өкілдері қатысты.

    Нөкістегі жел электр станциясы Өзбекстандағы төртінші «ACWA Power» жобасы болып табылады. Атап айтқанда, компания «Өзбекстан Республикасының Сырдария облысында екі бу-газ қондырғысы бар жылу электр станциясының құрылысы» жобасын жүзеге асыруда серіктес.

    —Нөкіс жел электр станциясы үшін электр энергиясын сатып алу бойынша келісімге қол қойылуы еліміз бен компаниямыз үшін тағы бір маңызды жетістік болды, – деді «ACWA Power» компаниясының басқарма төрағасы Мохаммад Абунаян. – Бұл Өзбекстан үкіметімен артып келе жатқан байланыстарымызды және елдің энергетика саласында ырықтандырылған базарға көшуін жеделдету бойынша жауапкершілігімізді нығайтады.

    Қарақалпақстан Республикасындағы бұл ЖЭС жобасы Өзбекстан Үкіметінің елдің энергетикалық балансын әртараптандыру және қайта тіктелетін энергия көздерін пайдалану арқылы оның қуатын арттыру жөніндегі іс-әрекеттерін қолдап-қуаттауға бағытталған. 2026 жылға қарай күн және жел энергиясының жалпы қуатын 8 ГВт-қа жеткізу жоспарлануда, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates