Нурмат Атабеков қол бұлшықетінен металл бөлігін шығарған бейнеүзіндіге пікір білдірді

    АОКАда өткен брифингте Коронавирусқа қарсы күресу штабы мүшесі Нурмат Атабеков әлеуметтік тармақтарда тарқалған науқастың бұлшықетінен бір металл бөлігін шығарып алу үдерісін көрсеткен бейнеүзіндіге пікір білдірді.

    Бұл бейнеүзіндіні тарқатқандар мұны вакцинадан кейінгі жағдай екенін айтып, оны арнайы «чип» деп айтуда. Бұл шындыққа сай келмейді! «Біріншіден, сұйық металл — тек қана сынап саналады. Темір заты сұйытылған жағдайда ағзаға енгізу мүмкін емес. Өйткені өте жоғары температурада ғана темір элеметі сұйық жағдайға келеді.

    Сонымен қатар, темір элементі ағзаға жіберу үшін ине ұшы өте жуан болуы керек. Осы бейнеүзінді жағдайды вакцинамен байланыстыру дұрыс емес! Мұндай жағдайларға назар аудармауды сұраймыз», — деді Н. Атабеков.