Төмендегі ауруларға шалдыққан балаларға балабақша ақысы төленбейді:

- сөйлеудің ауыр ақаулары (ринолалия, кекештену, балалардың афазиясы, ақыл-ойының артта қалуы);

- нашар есіту қабілетінің жоғалуы (II-IV дәрежелі кереңдік);

- көруде ауыр кемістігі бар (соқырлық, бір көздің болмауы (анофтальмия), амблиопия және көру қабілетінің бұзылуы);

- тірек-қозқалысындағы кемшіліктер (бас мия, мойын, кеуде, омыртқа, буындар мен аяқтарға жасалған операциялардың барлық түрлерінен кейінгі жағдай; мойынның, кеуденің, омыртқаның идиапатикалық деформациясы; кифоз; лордоз; кифосколиоз; аяқ-қолдардың салдануы; дамуындағы ауытқулар, аяқ-қолдар, артрозоартрит, остеохондропатия, хондродистрофия, балалардағы церебральды сал ауруы, менингоэнцефалиттен кейінгі тірек-қозғалыс мүшелерінің барлық патологиялары  (гемипарез, парапарез, монопарез және ұқсас плегиялар), полирадикулоневриттер және олардың асқынулары;

- психикалық дамуда артта қалуы  (ақыл-ой кемістігі (ақыл-ой кемістігі және ақыл-ой кемістігінің жеңіл дәрежесі);

- күрделі ақыл кемістігінің жеңіл дәрежесі (дамудың екі немесе одан да көп ақауларының болуы);

- туберкулездің алғашқы көрінісі ( туберкулезбен ауыратын науқаспен бір жанұядан болу және байланыста болғандар, тубвираж), сонымен қатар туберкулезден кейінгі қалпына келтіру кезеңі.