Бұл туралы АБКА-да өткен баспасөз конференциясында мәлімденді.

Айтуынша, мемлекеттік органдар мен ұйымдар әр жылы:

1 мартқа дейін өз қызметіне қатысты есебін ресми веб-сайтына орналастырады;

10 мартқа дейін оны кең жұртшылықтың қатысуымен талқылайтын жері мен уақыты туралы хабарлайды;

1 апрельге дейін өзінің қызметіне қатысты есеп беруді кең жұртшылық қатысуында талқылау үшін баспасөз конференциясын өткізеді.

2021 жылы 1 июльден бастап ресми веб-сайтта және Ашық мәліметтер порталында мына мәліметтер орналастырылады:

жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алулар, сондай-ақ тікелей келісімшарт бойынша сатып алатын тауарлар;

лауазымды тұлғалардың қызмет сапарлары мен шетелден келген қонақтарды күтіп алу қаражаттары;

Өзбекстан Республикасы Президенті, Министрлер Кабинеті құжаттары мен салық және кеден жеңілдіктері және преференциялар, сондай-ақ индивидуалды жеңілдіктер берілген субъектілердің бенефициарлары, олар төлеген салықтар мен қаржылық көрсеткіштер;

өздерінің жылдық қаражаттар сметасы және оның орындалуы,  сондай-ақ нысандарды құру, реконструкциялау және капитал жөндеу істері, автомототранспорт техникаларын сатып алу қаражаттары;

Төмендегі  емтихандарды өткізу үдерісі Интернет тармағында тікелей эфирде өткізіледі:

ЖОО-ның бакалавриат білім бағыттарына кіру үшін тест және әлеуметтік емтихандар;

Магистратура басқышына қабылдау емтихандары;

Республикадағы немесе шетелдегі ЖОО-нан еліміздегі мемлекеттік ЖОО-на оқытуды көшіру ұсынысын білдірген  студенттерден алынатын емтихандар;

шетелдегі білім туралы құжаттарды мойындауда талапкерлерден алынатын тест сынақтары.