Оған сенаторлар, Агенттік басшысы, бағалау комиссиясының мүшелері, БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысты.
Елімізде соңғы жылдары мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ететін механизмдер, сондай-ақ қоғамдық бақылау институты өмірге нәтижелі жүзеге асырыла бастады.
Атап айтқанда, өткен кезеңде тікелей ашықтық саласын реттеуге бағытталған 3 заң, Президенттің 2 жарлығы және 2 қаулысы, Үкіметтің 2 қаулысы және 1 кеңселік құжат қабылданды.
Бұл ретте, мемлекеттік органдары және ұйымдары тарапынан 35 әлеуметтік маңызға ие мәліметтерді мемлекеттік органдарының ресми веб-сайттары мен ашық ақпараттар парталына орналастыру тәжірибесі енгізілді.
Өзбекстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 июнындағы Жарлығымен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ашықтық бойынша жүзеге асырылған істерінің тиімділігі мен нәтижелілігін бағалауға бағытталған ашықтық индексі енгізілгені осы бағыттағы жұмысты жоғары деңгейге жеткізді.
Осы орайда сенатор Ф.Боқиев жарлықпен мемлекет органдары мен ұйымдардың бірінші басшыларының ашықтықпен қамтамасыз ету жөніндегі істері туралы есептері Олий Мажлис Сенатының мәжiлiстерiнде жарты жылда бiр рет тыңдалып тұратынын ерекше атап өттi.
Сонымен қатар, сенатор ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуы тиіс бірқатар мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, 2022 жылдың қорытындысы бойынша «Ашықтық индексін» бағалауда атқарылған жұмыстар туралы пікір айтылды. Атап өткендей, бұл үдерісте 86 министрлік, кеңсе мен мекемелер қамтылды. Оның 21-і министрлік, 14-і жергілікті билік органдары, 32-сі мемлекет қатысуындағы ұйымдар, 19-ы комитет пен агенттіктер.
Шара соңында жоғары білікті мамандар мен сарапшылардан құралған бағалау комиссиясы мүшелерінің тиісті қаулысына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметінің Ашықтық индексінің бағалау рейтингі жарияланды.
Атап айтқанда, бағалау рейтингісінің қорытындысы негізінде 15 мемлекеттік орган мен ұйымы «жасыл» санатқа, 44-і «сары» санатқа, 27-сі «қызыл» санатқа бөлінген, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасының Олий Мажлисі Сенатының баспасөз қызметі.
Бұл мәселені Сенат комитетінің мәжілісінде талқылау жоспарлануда.