Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысып, өзбекстандықтарды құттықтады

    Билік 21 Mart 2023 5322

    21 наурызда «Жаңа Өзбекстан» саябағында Наурыз мерекесі өтті.

    Мерекелік көңіл-күймен жайлаған саябақ алаңында Наурыз мерекесіне байланысты салт-дәстүрлер көрсетіліп, ұлттық мәдени орталықтардың көрмелері ұйымдастырылды.

    Мерекелік шараға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев арнайы келіп, өзбекстандықтарды құттықтады.

    – Бүгінде кең байтақ Отанымыздың кең байтақ жерілері, қалалары мен ауылдарында, саябақтары мен алаңдарында халқымыз Наурыз мерекесін үлкен қуанышпен қарсы алуда. Жүрегіміз шаттыққа толы осынау сүйкімді сәттерде үлкенді-кішілі барша жерлестерімізді шын жүректен құттықтап, баршаңызға ізгі тілектерімді білдіремін, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Наурыз шығыстың жаңа жылы, табиғаттың жаңару кезеңі екені белгілі. Бұл философия мен құндылықтар Жаңа Өзбекстан идеясымен үйлесетін секілді. Елімізде адам қасиетін ұлықтау, әрбір азаматтың құқығын қамтамасыз ету, барлық қалалар мен аудан тұрғындарына лайықты жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Экономика мен әлеуметтік сала жан-жақты дамып, ғылым, білім, денсаулық сақтау, мәдениет пен спортқа үлкен көңіл бөлінуде.

    – Өміріміздің жәнеде әсемдене, көркейе түсуі үшін ардақты әкелеріміз бен аналарымыздың дана ақыл-кеңесі, батасынан қуат аламыз. Біз ұлттық дамуымызды жаңа деңгейге көтеру жолында аянбай еңбек етіп жатқан аға-інілеріміз, аяулы әпке-қарындастарымызға - бүкіл халқымызға сенеміз және арқа сүйейміз, – деді Мемлекет басшысы.

    Мемлекет басшысы ел дамуы жолында лайықты қызмет етіп жүрген барша жандарға алғыс айтты. Алдағы айда өтетін маңызды саяси шарада азаматтар өздерінің жоғары саяси ойлауы мен мәдениетін көрсететініне сенім білдірді.

    Фермерлер мен диқандардың, спортшылар мен жастардың жетістіктері еске алынды.

    Халқымызға тән сауапты іс-шаралар тек Наурыз мерекесінде ғана емес, күн сайын жасалуы керектігі баса айтылды.

    – Бүгінде біз құрып жатқан әлеуметтік және халыққа қолайлы мемлекетте жанашырлық, кең пейілділік пен еңбексүйгіштік, өзара сыйластық пен ынтымақты өміріміздің қағидасына айналдыруымыз қажет. Ежелден «Адамзат елі» атанған Отанымызда әрбір адам халқымыз бен мемлекетіміздің сүйіспеншілігі мен ықыласын сезініп өмір кешсін, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Сондай-ақ Мемлекет басшысы еліміздің мұсылмандары мен барша ислам жұртшылығын келе жатқан Рамазан айымен құттықтады.

    Шет мемлекеттердің елшілері мен халықаралық ұйым өкілдері, олардың елдері мен халықтарына де ізгі тілектер айтылды.

    Мереке үлкен концерттік бағдарламамен жалғасты. Фольклорлық-этнографиялық ұжымдар мен өнерпаздардың қойылымдары, ұлттық ойындар мен билер баршаға қуаныш сыйлады.

    Шараға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, парламент пен үкімет мүшелері, әр өңірден келген қонақтар, елімізде жұмыс істейтін дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

    Салтанатты шарадан кейін Президент Шавкат Мирзиёев ұлттық мәдени орталықтар мен халық шығармашылығы көрмелерін аралады. Мерекеге келген халықпен сұхбаттасып, оларды құттықтады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates