Отбасылық емханалар мен азаматтар арасында келісім шарт жасалады

    Енді алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйым мен оған бекітілген азаматтар арасында келісімге қол қою белгіленді.

    Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан тиісті бұйрық қабылданды.

    Оған сәйкес, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйым мен оған біріктірілген Өзбекстан Республикасының азаматтары, Өзбекстан Республикасының салық резиденті деп танылған шетел азаматтары, сондай-ақ азаматтығы болмаған тұлғалар арасында (кәмелетке толмағандар үшін ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер жасалатын келісім түрі бекітілді.

    Келісімге орай, тұрғындарға:

    салауатты өмір салтын ұстануы;

    өзінің медициналық сауаттылығын арттыруы;

    дәрігердің нұсқауларын орындауы;

    белгіленген мерзімдерде профилактикалық және скринингтік тексерулерден өту талаптары қойылады.

    Ал отбасылық дәрігер:

    тұрғындарды белгіленген тәртіпте қабылдау және кеңес (немесе жолдама) беру;

    медициналық қызметтерді уақтылы, сапалы және толық көрсету;

    дәрілік заттарды дұрыс тағайындау;

    ауруларды ерте анықтау, сауықтыру шараларын жүзеге асыру сияқты міндеттер жүктеледі.

    Келісімдерге қол қою 2024 жылдың 1 декабрінен бастап Сырдария облысы мен Ташкент қаласында мемлекеттік медициналық сақтандыру механизмдері енгізілген аймақтарда жүзеге асырыла бастайды.

    Бұл іс-шаралар 2025-2026 жылдар аралығында мемлекеттік медициналық сақтандыру механизмдері кезең-кезеңімен енгізілетін Қарақалпақстан Республикасы мен облыстарда 2025 жылдың 1 январьдан бастап жүзеге асырылады.