баннер
13 Apr 2025
20:12

    Мемлекеттік медициналық сақтандыру аясында тегін медициналық қызметтер көрсетіліп және дәрі-дәрмектер беріледі

    «Мемлекеттік медициналық сақтандыру механизмдерін енгізуге қатысты іс-шаралар туралы» Президенттің қаулысы (ПҚ-311-санды, 05.09.2024 ж.) қабылданды.

    Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады.

    Қаулыға сәйкес, мемлекеттік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін медициналық қызмет көрсету және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Мемлекеттік бюджетке төленетін салықтар есебінен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тұрғындардан мемлекеттік медициналық сақтандыру үшін қосымша төлемақы алынбайды.

    Төмендегілерді назарға алған мемлекеттік медициналық сақтандырудың механизмдері кезең-кезеңімен енгізіледі, олар:

    — мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен өтелетін медициналық көмектің кепілденген көлемі расталады және осы пакетке енгізілген медициналық қызметтер мен дәрілік заттар Мемлекеттік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен көрсетіледі;

    — кепілденген пакетке енгізілген медициналық қызметтерді тегін пайдалану үшін белгіленген мезімдерде тиісті медициналық тексерулерден өту, отбасылық дәрігерге немесе медициналық бригадаға хабарласу талап етіледі;

    — дәрiгердiң ресмилендірілген электронды рецептi негiзiнде дәрі-дәрмектер кепілденген пакет аясында науқастарға дәріханалар тарапынан тегін беріледі және дәріхананың тиісті шығындары қаражаттары Қордың қаржысы есебінен өтеледі (реимбурсация бағдарламасы);

    — медициналық ұйымдардың қызметіндегі үдерістерді қамтитын «Электрондық денсаулық сақтау» ақпараттық жүйесі құрылып, қолданысқа енгізіледі;

    — кепілдендірілген пакетке енгізілген медициналық қызметтерді көрсетуге мемлекеттік және беймемлекеттік медициналық ұйымдары тартылады;

    — аудандық (қалалық), облыстық және республикалық ауруханаларда медициналық көмек көрсету кезінде аурудың ауырлығына қарай, тегін емдеуге болатын аурулардың тізімі бекітіліп, қолданысқа енгізілді;

    — жеңілдік санатындағы адамдар дәрігердің нұсқауы бойынша ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырылған жолдама негізінде Мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен тегін емделеді.

    Мы в Телеграм
    Text to speech