Президент XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 28 тамыз күні XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті.

    Іс-шараға Ұлттық Олимпиада комитеті мен спорт федерацияларының басшылары, жаттықтырушылар, спортшылардың ата-аналары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері де қатысты.

    Кезекті Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Франция астанасы Париж қаласында өткені белгілі. Оған 200-ден астам елден 11 мыңға жуық ең мықты атлеттер қатысты. Өзбекстаннан 19 спорт түрі бойынша 90 спортшы қатысты. Бұл беделді жарыс біздің спортшыларымыз үшін шын мәнінде рекордты және теңдесі жоқ жетістіктерге толы болды.

    Мемлекет басшысы спортшыларды осы ұлы тарихи жеңіспен құттықтап, сөз сөйледі.

    – Сіздер өте қиын жарыстарда үлкен ерлік әрі батылдық көрсетіп, 8 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алғаныңыз, еліміздің даму әлеуетін айқын көрсететін жарқын нәтижелердің бірі. Бұл тарихи жеңіс Жаңа Өзбекстан жастарының қандай ұлы істерге қабілетті екенін тағы да бір дәлелдеді. Еліміз жалпы командалық есепте қатысушы елдер арасында 13-орынды, Азия құрлығында 4-орынды, түркі және ислам елдері мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы арасында 1-орынды иеленді. Бізді қуантқан бұл нәтижелер Өзбекстан тарихындағы бұрын-соңды болмаған жетістіктер саналады, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Бұл жетістіктерге қол жеткізу үшін спортшылар мен жаттықтырушыларға барлық жағдай жасалды. Спортшыларды дайындау тәсілі өзгертіліп, ізденіс пен назар аударуға көңіл бөлінді. 2021 жылғы тамыз айында өткен осындай кездесуде келесі Олимпиадада үздік он бес ел қатарына кіру мақсаты қойылған еді. Бұл міндет абыроймен орындалып, еліміз әлем бойынша 13-орынды иеленді.

    Ұлыбританияның «Financial Times» басылымы жазғандай, Олимпиада медальдары, елдің спорт саласындағы жетістіктері мемлекеттің жалпы даму деңгейін көрсетеді.

    Шынында да, Олимпиада ойындарындағы әрбір нәтиженің орны, маңызы және мәні теңдессіз. Өйткені төрт жылда бір өтетін бұл үлкен халықаралық жарысқа ең мықтылар қатысады және ол елдің спорт саласына деген көзқарасын, халықтың физикалық және рухани әлеуетін көрсетеді.

    Жарыстағы алғашқы алтын медальді Диёра Келдиёрова қоржынға салды. Бұл медаль дзюдо бойынша да, әйелдер арасындағы бірінші алтын медаль ретінде тарихқа енді.

    Тағы бір батыл қыз – Светлана Осипова таэквондо бойынша күміс медальді жеңіп алып, әйелдер спорты тарихында жаңа парақ ашты.

    Өзбекстан алғаш рет таэквондо бойынша Олимпиада ойындарында 2 медаль жеңіп алды. Командалық есепте Өзбекстан ұлттық құрамасы 3-орынды иеленді. Ұлықбек Рашитов Олимпиада тарихында таэквондо бойынша ең жас категорияда екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды.

    Өзбекстан дзюдо бойынша өз тарихында Олимпиада ойындарында ең көп медаль алды. Еркін күресте 12 жылдық үзілістен кейін алтын медаль қоржынға түсті.

    Бокс бойынша ұлттық құрамамыз алтын медальдар саны бойынша ел тарихында Олимпиада рекордын жаңартып, жалпы командалық есепте 1-орынды иеленді. Ерлер арасында берілген жеті алтын медальдің бесеуін біздің боксшыларымыз жеңіп алды.

    Жалпы, Еуропаның дәл ортасында спортшыларымыздың құрметіне Өзбекстанның әнұраны 8 рет шырқалып, еліміздің туы 13 рет көкке көтерілді.

    Президент бұл жоғары нәтижелер халқымызға үлкен мақтаныш сыйлағанын атап өтіп, спортшыларды құттықтады:

    – Осы күндері бүкіл халқымыз Тәуелсіздік мерекесінің рухы әрі қуанышымен өмір сүруде. Сіздердің қол жеткізген жеңістеріңіз ең ұлы және ең қадірлі мерекемізге лайықты сый болды. Сіздердің батырлықтарыңыз жастарымызға, алыс жерлердегі спорт сүйер балаларға жігер берді. Бүкіл халқымызды мақтан етіп, одан сайын бірлестірді. Сіздерге құрмет пен көп алғыс!

    Мемлекет басшысы спортшыларға, олардың бапкерлері мен жаттықтырушыларына, спорт делегациясы мүшелеріне алғыс айтты. Осы күндері Паралимпиада ойындарына қатысып жатқан қайсар спортшыларымызға күш-жігер және сәттілік тіледі.

    Кездесуде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына дайындық мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

    Су спорты түрлері, жеңіл атлетика, велоспорт, ок ату және садақ ату, гимнастика федерацияларының мүмкіндіктері мен талантты спортшылардың бар екендігіне қарамастан, нәтижелердің төмендігі айтылды. Шөп үстіндегі хоккей, баскетбол, гандбол, регби, су полосы сияқты командалық спорт түрлері жеткілікті дамымаған. Грек-рим күресі, ат спорты, заманауи бессайыс, триатлон, семсерлесу, ескек есу, велоспорт сияқты спорт түрлері бойынша да әлі пайдаланылмаған мүмкіндіктер көп.

    Аталған спорт федерациялары тиісті қорытынды шығарып, келесі Олимпиадаға дейін үлкен дайындық жүргізуі тиіс екені атап өтілді.

    Алдағы төрт жылда спортшыларды дайындау бойынша үлкен бағдарламалар қабылданатыны айтылды. Әрбір бағытта спорт медицинасы, фармакология, диетология, психология және инженериясы бойынша шетелден білікті мамандар тартылады.

    Осы тұрғыда «Олимпия қалашығында» жарыстар мен оқу-жаттығуларды озық шетелдік тәжірибелер негізінде өткізу бойынша арнайы жүйе құрылады. Бахадыр Жалолов, Оксана Чусовитина мектептері сияқты мамандандырылған спорт мекемелері әрбір аймақта және әрбір спорт түрі бойынша ұйымдастырылады.

    Сонымен қатар, жергілікті жерлерде, әсіресе, махаллаларда жаңа таланттарды ашу және оларды мақсатты селекция негізінде халықаралық жарыстарға дайындау бойынша арнайы бағдарлама енгізіледі.

    Қажетті спорт инфрақұрылымы бар 15 Олимпиада және Паралимпиадаға дайындық орталығы, 6 Республикалық жоғарғы спорт шеберлігі мектебі, 56 мамандандырылған спорт мектебіне жергілікті және шетелдік жаттықтырушылар бекітіледі.

    Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамыту ұлттық олимпиада қозғалысының ажырамас бөлігі болуы керектігін атап өтті. Үкіметке осы бағытта ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.

    Өзбекстан Республикасы Президентінің осы жылдың 23 тамыздағы Жарлығына сәйкес, Париж қаласында өткен ХХХIII жазғы Олимпиада ойындарында жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар спортшылар мен жаттықтырушылар құрметті атақ және ордендермен марапатталған еді.

    Іс-шарада сол жоғары марапаттар салтанатты түрде табысталды.

    Спортшылар мен жаттықтырушылар, ата-аналар сөз сөйлеп, Мемлекет басшысына көрсетілген жоғары құрмет пен қамқорлық үшін алғыстарын білдірді.

    No date selected
    August 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates