Шалғай әрі шет ауданда өте қиын оталар жүзеге асырылды

    Денсаулық 19 Iyun 2021 2508

    Восит Вохидов атты Республикалық хирургиялық практикалық медициналық орталықтың хирургтарымен сырдариялық хирургтардың ынтымақтастығында Гүлстан және Ақалтында өте қиын отаны жүзеге асырды.

    Екі күн Восит Вохидов атындағы Республикалық хирургиялық ғылыми-практикалық медициналық орталықтың басшысы, медицина ғылымының докторы Саидмурод Исмоиловтың басшылығындағы хирургтер Сырдарияда болды.

    Олар Сырдария облысындағы облыстық Көптармақты медициналық орталық пен Ақалтын аудандық медицина бірлестігінде болып, аталмыш мекемелердің хирургиялық бөлімінде оталар үшін шеберлік сабақтарын өткізді. Сонымен қатар әлеуметтік қорғауға мұқтаж, ауыр науқастармен кездесіп, нақтама нәтижесіне қарап қиын оталарды жасады.

    Облыстық көптармақты медициналық орталық хирургия орталығына асқазан жара ауруының ұстамасымен жатқызылған, Бақыт қаласынан 23 жастағы Мадинабонуға лапаротомия отасын, сол аяқ көк тамыры аурулары болғандықтан хирургиялық бөлімде жатқан, сейхунабатдық 40 жастағы Уйғунға нарат әдісінде траянов отасын, екі аяғының көктамырларының ауруларымен аталмыш жалпы хирургия бөлімінде жатқан 24 жастағы Миркамолға клапп-нарат әдісінде екі аяғына ота жасалған болса да, қарын алдындағы жарықшасы нақтамасымен аталмыш бөлімге жатқызылған Қазақстан Республикасының Жетісай ауданындағы Атақоныс ауылынан келген 64 жастағы Зебо апаға лапаротомия қарын перде арқасын және жарық бостығын ашу жолымен қиын ота жасалды.

    Өткізген хирургиялық операцияларды В. Вохидов атындағы хирургия ғылыми практикалық медициналық орталықтың профессоры Руслан Ефимович Лигай, Абдулла Мадраимов, Бахром Омонов, Юнус Назаровтар облыстық көптармақты медициналық хирургиялық бөлімінің бастығы, хирург Зохид Эркабоев, хирург Акмал Уралов, Эркин Алиқулов, Шухрат Дехқоновтардың ынтымақтастығында өткізілді.

    Орталық басшысы, медицина ғылымының докторы Саидмурод Ибрагимовтың басшылығындағы дәрігерлер Ақалтын ауданында болып, қан-тамыр, хирургиялық, тірек мүшелері ауруларынан азап шеккен және диспансер бақылауында тұрған 9 науқасты медициналық тексеруден өткізіп, емделу бойынша кеңес берді.

    Содан соң, әлеуметтік қорғауға және өте қиын хирургиялық операцияға мұқтаж болған 5 науқастың қарын алды жарығы, созылмалы тас холецистит, гипертония ауруы, семіздік, көктамыр ауруы тағы басқа өте ауыр науқастарға оталар жасалды.