баннер
24 Yan 2025
07:25

    Жоғарғы Бас қолбасшы Қоғамдық қауіпсіздік университетіне барды

    Өзбекстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Шавкат Мирзиёев Қоғамдық қауіпсіздік университетіне барды.

    Республикада командалық және техник кадрларды даярлайтын, бірнеше оқу орындарын біріктіретін көп деңгейлі әскери білім беру жүйесі құрылған. Қоғамдық қауіпсіздік университеті солардың бірі болып табылады.

    Мемлекет басшысының 2021 жылғы 15 сәуірдегі «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кәсіби кадрлар даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» қаулысына сәйкес қайта құрылған бұл мекеме білікті кадрларды мақсатты түрде даярлайтын жоғары әскери білім беру және ғылыми-зерттеу мекемесі болып табылады. Оқу орнының басты міндеті - терең білім беру, жауынгерлік және физикалық дайындықты арттыру арқылы қоғамдық қауіпсіздікті тиімді қамтамасыз ете алатын білікті мамандарды даярлау.

    Бұл үшін Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық гвардия үшін тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігі және паспорт жүйесі бойынша, Қарулы Күштер мен басқа да құқық қорғау органдарына әскери дипломатия, юриспруденция, экономика, инженерлік-техникалық, тәрбиелік-психологиялық және командалық-тактикалық қызмет салаларында заманауи білім беріледі.

    Университетке 2021/2022 оқу жылынан бастап студенттер қабылдана бастады. Бакалавриатта 15, магистратурада 8 бағыт бар. Бүгінде бакалавриатта мыңнан астам курсант, арнайы бағыт, сырттай білім беру және магистратурада тағы сонша жас білім алуда. Оларға жалпы 209 оқытушы, профессор және ғылым докторлары сабақ береді.

    Оқу жүйесінің ерекшелігі – мұнда жалпы азаматтық негізде оқуға рұқсат етілген, бүгінгі күні юриспруденция, экономика және психология мамандықтары бойынша студенттер білім алуда. Университет түлектері Ұлттық гвардия және Ішкі істер министрлігінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау бөлімшелерінде тиімді қызмет атқарып келеді. Сондай-ақ, өз күзет құрылымы бар мемлекеттік және шаруашылық органдар үшін де мамандар даярланады.

    Кейінгі жылдары университеттің оқу ғимараттары күрделі жөндеуден өтіп, барлық жағдайлар жасалды. Спорт кешені мен оқу-әдістемелік орталық жаңадан салынды. Әрқайсысы 300 орынға арналған 6 жатақхана заманауи талаптарға сай жабдықталды.

    Мемлекет басшысы осында жасалған жағдайлармен танысты.

    Оқу аудиториялары кең, жарық және заманауи техникалармен жабдықталған. Ақпараттық-ресурс орталығында 90 мыңнан астам әдебиет және оқу құралдары, 10 мыңнан астам электронды әдебиет бар. Орталық Әлішер Науаи атындағы Ұлттық кітапхана және жоғары оқу орындарының бірыңғай электрондық кітапхана ақпараттық жүйесіне қосылған.

    Университетте ғылыми әлеует артып келеді. Негізі қаланған жылы бұл көрсеткіш небәрі 10 пайызды құраса, қазіргі уақытта 75 пайызға көтерілді. Университет ұжымы әртүрлі пәндер бойынша 200-ден астам оқу құралдары мен 120 оқулық дайындап, басып шығарды. Университет ұжымы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге де ерекше көңіл бөлуде.

    Мемлекет басшысы офицерлер және курсанттармен кездесуінде дуалды білім беруді кеңінен енгізу, оқу бағдарламасын бүгінгі қауіп-қатерлерге бейімдеу бойынша тапсырмалар берді.

    Университеттің жаңа спорт кешенімен де танысылды.

    Екі қабатты кешенде бассейн, тренажер және кроссфит залы, бокс, көпсайыс алаңдары ұйымдастырылған. Үлкен спорт залында гимнастика, мини-футбол, гандбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисімен қатар биіктікке дайындық және эвакуация жаттығуларын өткізуге болады.

    Курсанттар спортта да үлкен жетістіктерге жетуде. Осы күнге дейін әлем чемпионаттарында 4 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль, құрлықтық және республикалық жарыстарда да көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бірнеше студент мемлекеттік стипендияларға, әскери қызметшілер «Мард уғлон» мемлекеттік сыйлығына ие болды.

    Мәдениет және ағарту орталығында 500 орындық іс-шаралар залы, әскери оркестр ұжымы үшін бөлек бөлме, патриоттық музей, психологиялық орталық орналасқан. Мемлекет басшысы олардың шығармашылық қойылымдарын тамашалады.

    No date selected
    January 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech